Меню CARMA.KZ

Нидерланды күн батареясымен жабдықталған көліктің сериялық өндірісін бастады

Аталмыш көліктің құны 250 мың еуро тұрады.

Нидерланды күн батареясымен жабдықталған көліктің сериялық өндірісін бастады / Фото: Lightyear
Нидерланды күн батареясымен жабдықталған көліктің сериялық өндірісін бастады / Фото: Lightyear

Нидерландылық Lightyear стартапы күннен қуат алатын көліктің сериялық өндірісін бастамақшы, деп хабарлайды Motor.ru ресурсы.

Стартапты  Эйндховендегі Solar Team тобының мүшелелері құрған болатын. Ол Bridgestone World Solar Challenge күн батареясы бар электромобильдердің жарысына негізделген. Стартаптың штаб-пәтері Нидерландыда орналасқан, бірақ олар прототиптерін финдік Valmet Automotive кәсіпорнында құрастырған. Дәл осы жерде күн батареяларын қуаттайтын Lightyear 0 инновациялық электромобилі сериямен құрастырылмақшы. Қазір жаңа көлікке тапсырыс беруге болады.

Электрокардағы күн батареяларының қуаты — энергияны бір уақытта 70 шақырым жүруге жететіндей етіп толтыруға мүмкіндік береді. Батареялар капотқа, көлік төбесіне, жүксалғыш есігіне орнатылған. Олардың жалпы ауданы бес шаршы метрді құрайды. Электрокардың шанағының қаңқасы Ұлыбританияда жасалады, одан кейін ол құрастыру үшін Финляндияға жеткізіледі.

Аталмыш көлік 350 кг жоғары вольтты 61,2 киловатт-сағаттық аккумулятормен қамтылған. Соңғы кезең— құрастырылған көлікті сынау. Нақтырақ айтсақ, тежегіштер мен қуатты тексеру, дөңгелектер мен фараларды калибрлеу, бағдарламалық жасақтаманы бақылау. Одан соң көліктің құрастыру сапасына кепілдік беру үшін, Valmet Automotive мамандары тағы бір мәрте тексерістен өткізеді. Lightyear 0 электромобилінің жалпы қуаты 177 а. к. болатын төрт қозғалтқыш дөңгелегі бар. Яғни ол әдеттегі қозғалтқышпен қамтылмаған.

Электромобильдің ең жоғары жылдамдығы—160 км/сағ, модельдің құны—250 мың еуро немесе 123,5 млн теңге. Яғни көлікті тек шуақты күндері пайдалуға болатынын ескерсек, сондай-ақ бағасын қоса алғанда, ол Қазақстан мен посткеңестік елдер үшін жарамсыз екені анық. Дей тұрғанмен, бұл электрокар Еуропаның 2035 жылға қарай электрлі көліктерге көшу жоспарына сәйкес келеді.

Егор Васильев

Егор Васильев, корреспондент
05.12.2022, 15:30