Чехияда «АЗИЯ АВТО — БИПЭК АВТО» басшысы ұсталды
Ол аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікке ілінген.
Қазақстан ІІМ Интерполының сұрауымен, Прагада (Чехия) «АЗИЯ АВТО — БИПЭК АВТО» ірі автомобиль компаниясының басшысы ұсталды, деп хабарлады полиция.
«Чехия астанасы — Прагада Қазақстан ішкі істер министрлігінің Интерпол ұлттық орталық бюросының сұрауы бойынша, аса ірі мөлшерде алаяқтық жасағаны үшін Шығыс Қазақстан облысы экономикалық қылмыстар департаменті іздеу жариялаған «АЗИЯ АВТО — БИПЭК АВТО» компаниялар тобы басшыларының бірі ұсталды», — деді ішкі істер минитстрлігінің ресми өкіл Шұғыла Тұрлыбек ІІМ брифингінде.
CARMA.KZ дереккөзінің ақпараты бойынша, бұл жерде «АЗИЯ АВТО — БИПЭК АВТО» компаниясының акционерлерінің бірі болған Владимир Попов (делистингке дейін KASE компаниясында оған ресми түрде компанияның 5%-ы тиесілі болды) жайлы сөз болып отыр. Сондай-ақ, ол «БИПЭК Авто Қазақстан» басшысының қызметін атқарды.
«АЗИЯ АВТО — БИПЭК АВТО» компаниялар тобының құрылымына «Бипэк Авто Қазахстан» АҚ кірді. Ал акционер мен директорлар кеңесінің төрағасы — Анатолий Балушкин. Балушкинға үлестердің 87,5%-ы тиесілі. Владимир Попов — 5%, Ержан Мандиев — 5%, Ерік Сағымбаев — 2,5%, «Азия Авто» АҚ (74,5%), «Азия Авто Қазақстан» АҚ (2019 жылға дейін құрылтайшысы «Бипэк Авто Қазақстан» АҚ болды).«Бипэк Авто Қазақстан» АҚ-ның Ресейде тіркелген және автокөлік жасаумен айналысатын жеті компанияда үлесі бар.
2020 жылы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі, автомобиль концернімен компанияның 10 жыл ішінде 405 млн доллар (189,9 млрд теңге) көлемінде алған жеңілдіктерін қайтаруды талап етті. Ведомстваның айтуынша, «АЗИЯ АВТО — БИПЭК АВТО» компаниясы өндірісті модернизациялау бойынша міндеттемелелерін орындамаған.
Сот талқылауларынан кейін Lada мен KIA-ның шетелдік серіктестері «Азия Авто» кәсіпорнында көліктерін құрастыруды тоқтатты.
Компания басшысы Анатолий Балушкинге алаяқтық жасады деген айып тағылды, сот оны қамауға алу туралы сырттай шешім шығарды. 2021 жылдың тамызында Анатолий Балушкин мен Владимир Поповқа халықаралық іздеу жарияланған болатын.
Сонымен қатар, тергеу барысында компанияның сегіз топ-менеджері: Галина Мокина, Елена Кузьмина, Ержан Мандиев, Дмитрий Борзых, Константин Лобанов, Игорь Потапов, Андрей Рябец, Александр Толстиков ұсталды.
Ербол Мухамбаев, корреспондент
05.12.2022, 14:00