Меню CARMA.KZ

«АвтоВАЗ» Қазақстанға көлік жеткізуді тоқтатты

Қазақстанға жаңа Lada көліктері соңғы рет 2022 жылдың I тоқсанында әкелінген.

«АвтоВАЗ» Қазақстанға көлік жеткізуді тоқтатты / Фото: njcar.ru
«АвтоВАЗ» Қазақстанға көлік жеткізуді тоқтатты / Фото: njcar.ru

 «АвтоВАЗ»  2022 жылдың I тоқсанынан кейін шығарылған автомобильдерін Қазақстанға жеткізуді тоқтатты, деп хабарлайды ТАСС компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Қазақстандағы жергілікті диллерлер сатып жатқан Lada көліктерін «АвтоВАЗ» биылғы І тоқсанда жеткізген болатын. Қазір I тоқсаннан кейін шығарылған «АвтоВАЗ» көліктері Қазақстанда сатылып жатқан жоқ», — деді автоөндірушінің баспасөз қызметі.

Сондай-ақ компанияның айтуынша, 2022 жылдың I тоқсанында «АвтоВАЗ» құрастырған Lada автомобильдері басқа валюта бағамымен және көлік құрамдастары да төмен бағада болған кезде шығарылған. Оған қоса, қазақстандық дилерлер көлікке белгілеген бағаға  компанияның еш қатыстары жоқ. Сондықтан, еліміздегі Lada автомобильдері Ресейге қарағанда арзанырақ болуы мүмкін.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда Lada көліктеріне сұраныс жоғары. 2022 жылдың қаңтар-қазан көрсеткіштері бойынша, аталмыш бренд елімізде көп сатылатын брендтердің үздік бестігінде тұр.10 айдың ішінде Қазақстанда барлығы 7 мың Lada автокөлігі сатылған. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда, 5%-ға көп.

Ербол Мухамбаев

Ербол Мухамбаев, корреспондент
01.12.2022, 12:30