Ақылы жолдармен жүруге арналған абонементтерді желтоқсанда сатып алуға болады
Тиісті заң жобасы қабылданды, ол 2022 жылдың соңына дейін күшіне енеді.
2022 жылғы 15 желтоқсаннан бастап қазақстандықтардың ақылы жолдармен жүруге арналған жылдық және айлық абонементтерді сатып алуына болады.
«Бұйрық барлық мүдделі мемлекеттік органдармен келісілген, біздің министр қол қойған. Бұйрық қол қойылғаннан кейін 10 күн ішінде күшіне енеді. Бүгін оған қол қойылды (5 желтоқсан). Яғни 15 желтоқсанда заңды түрде болады», — деді ҚР ИИДМ автомобиль жолдары комитеті төрағасының орынбасары Жамбыл Бақтияр.
Бұған дейін абонементтердің құны келесідей болатыны жарияланды:
- 16 орынға дейінгі автобустар және 2,5 тоннаға дейінгі жүк автомобильдері — айына 2 АЕК (2022 жылы 6 126 теңге) және жылына 20 АЕК (61 260 теңге);
- 32 орынға дейінгі автобустар және 5,5 тоннаға дейінгі жүк автомобильдері — айына 4 АЕК (12 252 теңге) және жылына 40 АЕК (122 520 теңге);
- 32 орынан жоғары автобустар мен 10 тоннаға дейінгі жүк автомобильдері — айына 6 АЕК (18 378 теңге) және жылына 60 АЕК (183 780 теңге);
- жүк автомобильдері 15 тоннаға дейін — айына 8 АЕК (24 504 теңге) және жылына 80 АЕК (245 040);
- 15 тоннадан асатын жүк автомобильдері — айына 10 АЕК (30 630 теңге) және жылына 100 АЕК (306 300 теңге).
ҚР ИИДМ автомобиль жолдары комитетінің төрағасы Төлеген Абдуллин ОКҚ брифингінде, абонементті көлігік ақылы жолдарға іргелес елдімекендер мен кентте есепте тұрған жағдайда ғана ресімдеуге болатынын айтты.
Ербол Мухамбаев, корреспондент
06.12.2022, 15:30