Меню CARMA.KZ

Әдетті қозғалтқышты қолдайтындар Tesla иелеріне соғыс жариялады

АҚШ жолдарында электромобиль тізгіндегендерді шеттетушілер Илон Маскқа деген наразылықтарын осылай білдіргілері келеді.

Әдетті қозғалтқышты қолдайтындар Tesla иелеріне соғыс жариялады / Фото: censor.net
Әдетті қозғалтқышты қолдайтындар Tesla иелеріне соғыс жариялады / Фото: censor.net

АҚШ-та бензинмен жүретін көлік жүргізушілері Tesla-ның иелеріне нағыз соғыс жариялады, деп хабарлайды The Guardian британдық басылымы.

The Guardian басылымы Tesla иелерінің басынан өткен оқиғаларын келтірген. Соңғы уақытта  бензинмен жүретін әдеттегі көлік жүргізушілері оларға озбырлық танытып жатқан сынайлы. Нақтырақ айтсақ, олардың жолын кесіп, тұрақтан шығуға мүмкіндік бермейді. Оған қоса, қуаттау бекеттеріне де кіруге тыйым салады екен. Мәселен, АҚШ-тың Орегон штатындағы Tesla иесінің айтуынша, жолда келе жатқан бойда оған басқа жүргізушілер әдепсіз қимылдар көрсетіп, терезеден айқайға салып қорлайды. 

Бір қызығы, ер адам әдеттегі ішкі жану қозғалтқышы бар көлікке отырған кезде, мұндай шеттетуді көрмейтінін байқаған. Ал Вашингтон штатының тұрғыны АҚШ-та Tesla көлігімен жүру денсаулыққа әрі адам өміріне қауіпті екенін айтты. Оны электромобильмен келе жатқанда жолдан бірнеше рет тайдырып жібермекші болған. Бірақ полиция тәртіп бұзушыларды тергеген кезде, олар бар болғаны «қалжыңдағысы» келгенін айтты. Tesla-ның тағы бір иесі электрлі көлікті сатып алғанына бір апта болмай, бірнеше рет жол апатына ұшыраған. Өйткені басқа жүргізушілер оның алдында жылдамдықты күрт төмендетіп, көліктерінің артқы жағын соғуға тырысқан.

Америкалық электромобильдер қауымдастығының өкілі Марк Геллер The Guardian басылымына берген сұхбатында, жолдағы жүргізушілердің мұндай мінез-құлқы Илон Масктың жеке басына байланысты екенін айтты. Илон Маск Twitter-ді сатып алған соң, АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамптың парақшасын қалпына келтірген. Бұл жағдай олардың шамдарына тиген және сол сәттен бастап көлік иелері Tesla жүргізушілеріне озбырлық таныта бастаған.

Қол астында 100 мың адам жұмыс істейтін аталмыш компания, сол уақытта қызметкерлерін 10%-ға қысқартқан. Геллердің айтуынша, экономикалық дағдарыс қарқын алған жағдайда Tesla-ның мұндай шешімі қоғамның назарына ілікпей қоймады. Бұны OpinionScience зерттеу аналитикалық компаниясының шілде айындағы сауалнамасының деректері растай түседі. Оған сәйкес, АҚШ-тағы сауалнамаға қатысқандардың 54%-ының Илон Маскқа «көзқарасы нашар». Бірақ бұған тағы бір себеп бар: Tesla әдеттегі ішкі жану қозғалтқыштарға қарағанда, электрлі көліктерді насихаттайтын компания болып санады. Бензинмен жүретін автомобильдердің жүргізушілері осылайша Еуропада және АҚШ-тың кейбір аймақтарында 2035 жылға жоспарланған ІЖҚ-ға толық тыйым салуға қарсы екендерін білдіріп отыр.

Егор Васильев

Егор Васильев, корреспондент
08.12.2022, 14:00