Меню CARMA.KZ

Жүргізушілердің құқығын шектеген SINOOIL мен Helios-қа ескерту жасалды

Шымкетте жанармай құятын екі ірі станция дизель тапшылығын қолдан жасаған.

Жүргізушілердің құқығын шектеген SINOOIL мен Helios-қа ескерту жасалды / Фотосурет ашық дереккөзден алынды
Жүргізушілердің құқығын шектеген SINOOIL мен Helios-қа ескерту жасалды / Фотосурет ашық дереккөзден алынды

Шымкент қаласының бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің департаменті жанармай құю бекеттерінің қызметіне мониторинг жүргізу барысында, SINOOIL және Helios станцияларында дизельдік отынның жасанды тапшылығын тудырғаны анықталды.

«Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті Шымкент қаласы аумағында орналасқан жанар-жағармай кұю бекеттерінде дизель отынына қолдан тапшылық жасау және әлеуметтік желілерде таралған коғамдық резонанс тудырған мәселелерге байланысты мониторинг жұмыстарын жүргізу барысында SINOOIL және Гелиос жанар-жағар май құю бекеттерінде көлік жүргізушілерінің құқықтарын шектеуге жол бергені анықталды», —  монополияға қарсы ведомствоның ресми сайтында жарияланған хабарламада айтылған.

Ведомствада ҚР кәсіпкерлік кодексінің 170 бабы, 1-тармағының 2-тармақшасы сәйкес тауарларды өндіруді не өткізуді негізсіз шектеуге тыйым салынатынын еске салды. Осыған байланысты Департамент кодекстің 199-бабының 1-тармағына сәйкес, Шымкент қаласындағы «SINOOIL» ЖШС мен «Гелиос» ЖШС филиалдарына ескерту жасалды. Бұған дейін жанармай бекеттерінде дизельдік отын әр адамға тек 50 литр көлемінде сатылатыны хабарланған болатын.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда осы күзде дизель отынына сараланған тариф енгізілді. Енді жеңіл көлік иелерінің қолдарында қазақстандық жүргізуші куәліктері болса, литріне 230-260 теңге бағамен тәулігіне 100 литр көлемінде дизель сатып ала алады. Ал жүк көлігінің жүргізушілері үшін, қазақстандық жүргізуші және тіркеу туралы куәліктері болған жағдайда, литріне 230-260 теңгемен тәулігіне 300 литр қарастырылған. Одан артық көлемді, транзиттік шетелдік көлік жүргізушілерімен қатар, 450 теңге бағамен алады. Қыркүйек айында энергетика министрлігі Қазақстанда дизельдің сараланған бағамен сатылуын бақылайтын жүйені іске қосты. Соның арқасында жанармай құю бекеттері нақты уақытта сол немесе өзге көліктің тұтыну көлемін тексере алады. Аталмыш жүйені енгізгеннен кейін, еліміздегі жанармай бекеттерінде бірқатар бұзушылықтар анықталды.

Егор Васильев

Егор Васильев, корреспондент
23.11.2022, 12:33