Жылдымдық жағынан Rimac Nevera Tesla-дан асып түсті
Хорватиялық гиперкар жылдамдығын сағатына 412 шақырымға жеткізді.
Хорватиялық өндірушінің Rimac Nevera гиперкары Германияның Automotive Testing Papenburg трассасында сериялық электрокарлар арасында жаңа жылдамдық рекордын орнатты, деп хабарлайды Motor.ru ресурсы.
Жаңа рекорд жасалған трасса бұралаң жолдар мен кілт бұрылыстары бар 4 шақырымға созылып жатыр. Бұл трассада электрокар сағатына 412 шақырымға дейін екпіндетті. Рекорд Racelogic V-Box өлшеу кешенінің көмегімен өлшенді. Айтпақшы дәл осы құралдың көмегімен былтыр Teslaның Plaid электроболидының максималды жылдамдығы сағатына 321 шақырым екені тіркеліп еді.
Төмен қарсылық пен тұрақтылық арасындағы оңтайлы тепе-теңдікті табу үшін Top Speed режимінде жақсы нәтижеге жеткен. Rimac Nevera-ның пилоты Миро Зрнчевич қазірдің өзінде бұралаң жолдан сағатына 250 шақырымға дейін үдетеді. Сондықтан «Невераның» жылдамдығын максималды төрт жүзге дейін жеткізу қиынға соқпады. Бұрын аталмыш көлік сағатына 60 мильге дейін (1,85 секундта) үдету бойынша рекорд орнатқан.
Nevera-ның төрт қозғалтқышы 1914 а.к. шығарады, бұл автомобильге дыбыс жылдамдығының үштен біріне дейін үдетуге мүмкіндік береді. Дегенмен, модельді сатып алған қарапайым адамдар рекордты қайталай алмайды. Ол көліктердің жылдамдығы 352 км/сағ шектелген. Nevera барлық өндірістік көліктер арасында абсолютті жылдамдық рекордына жақын. Қазір рекорд бензинмен жүретін Shelby Supercars көлігіне тиесілі. 2020 жылы SSC Tuatara қысқа ұшу-қону жолағында 455 км/сағ дейін үдеді.
Ал электромобильдер арасында, соның ішінде сериялық емес көліктер үшін де абсолютті рекорд әзірше Venturi Buckeye Bullet 3-ке тиесілі. Ауаға төзімділік коэффициенті небәрі 0,13 болатын жеңілдетілген «сигара», 2016 жылы Бонневильде 549,43 км/сағ дейін үдей алды. Әрбір Buckeye Bullet 3 осінде, дөңгелегін екі сатылы Hewland редукторы арқылы басқаратын екі электрлі қозғалтқышы болды. Қуаты 2 мегаваттан асатын тартым батареясымен бірге олар жалпы 3 мың а.к. дейін жеткізді.
Rimac Nevera-ның біріктірілген қайтарымы төмен болса да, төрт электрлі қозғалқышпен қамтылған. 120 киловатт-сағаттық батарея жинағы көміртекті пластикалық монокок құрылымына біріктірілген. Nevera көлігі төлқұжат бойынша, 1,97 секундта бір жерден жүзге дейін үдей алады. Ал 9,3 секундта сағ 300 шақырымға дейін үдеуге шамасы жетеді.
Егор Васильев, корреспондент
18.11.2022, 15:25