Volvo электрлі көліктерінің түрлерін көбейтпекші
Дей тұрғанмен швед концерні тек кроссоверлерін ғана электрлі тартыммен шығаратын ойы бар.
Нарықта жақында Volvo-ның электрлі седандары мен электрлі универсалдары пайда болуы мүмкін, деп хабарлайды Autocar.co ресурсы.
«Біз барлық баға сегментінде ұсынып жүрміз және түрлі жағдайда пайдаланатын автомобильді қажет ететін клиенттеріміз бар. Біз мейлінше көп санатты қамтуға тырысамыз. Дей тұрғанмен 40 түрлі модельді ұстап отыру — стратегиямызға жатпайды. Біздің артықшылығымыз — бір платформа мен бірыңғай агрегаттарды түрлі сегменттегі модельдерге бейіндей алатындығымызда», — деді Volvo-ның бас директоры Джим Роуэн ақпарат көзіне берген сұхбатында.
Ол Volvo XC40, Volvo C40 және соңғы шыққан Volvo EX90 кроссоверлері брендтің алғашқы сериялық электромобильдері екенін тілге тиек етіп өтті. Швед көлік өндірушісі өз аудиториясының демографиялық көрсеткіштерін байқастай отырып, қажет болса электрлі седан мен электрлі универсал, тіпті осындай бірнеше модель шығаруға дайын екендігін де атап өтті.
«Егер қажет болса, электрлі седандар мен универсалдар жасайтын боламыз, біздің технологияларымыз электромобильдер мен ішкі жану қозғалтқышты автомобильдер арасындағы баға тепе-теңдігін сақтап қалуға мүмкіндік береді», — деді Роуэн.
Қазіргі таңда Volvo-ның S60 және S90 модельдерінің седандары, сондай-ақ аталған модельдердің негізінде V60 және V90 универсалдары, V90 Cross Country жол талғамайтын универсалы жасалған.
Электрлі көліктер шығаруға ден қоюы Volvo-ның жалпы саудасына қалай әсер ететіні әзірше белгісіз. Өйткені жылдың басында саудада өсім болады деп мәлімдегендеріне қарамастан, жартылай өткізгіштердің тапшылығына байланысты, компанияның екінші тоқсандағы саудасы 27%-ға төмендеп кетті. Сөйте тұра ол 2030 жылға қарай ішкі жану қозғалтқышпен жаңа автомобиль шығарудан толықтай бас тартпақшы. Ал күзде Volvo-ның Ресейдегі активтерін сату мүмкіндіктерін қарастырып жатқаны белгілі болды.
Егор Васильев, корреспондент
14.11.2022, 12:48