Меню CARMA.KZ

Vitesco әлемде электромобильдер өндірісі артады деп болжайды

Болжам бойынша, 2030 жылға қарай әлем бойынша автокөліктердің 70%-ы электрлі қозғалтқышпен шығарылмақ.

Vitesco әлемде электромобильдер өндірісі артады деп болжайды / Фото: elements.envato.com
Vitesco әлемде электромобильдер өндірісі артады деп болжайды / Фото: elements.envato.com

Vitesco деп аталатын немістің автокөлік жеткізушісі көлік саласында электрлендіру өседі деп отыр. Компанияның болжамы бойынша, 2030 жылға қарай жалпы өндірілген көліктердің 70%-ы электромобиль болмақ.

«Алдағы жылдары біз электромобильдердің түр-түрі көбейіп келе жатқанын байқайтын боламыз», — деді Vitesco-ның бас директоры Андреас Вольф.

Әлем бойынша электромобильдердің саудасы артуы мүмкін, сондықтан Vitesco болашақта қаржылық көрсеткіштері жақсы болатынына үміті зор. Компанияның табысы 2026 жылы 5 млрд еуроға (шамамен 2,3 трлн теңге), ал 2030 жылы 10-12 млрд еуроға (4,6 — дан 5,5 трлн теңгеге дейін) өсетініне сенімді, деп жазады Chinadaily.

Компанияның болжауынша, жақын арада автомобиль өндірушілері электромобиль кұрамдастарын жеткізушілерге көбірек тәуелді болады. Өткен 12 айда Vitesco-ға 10 млрд еуроға (4,6 трлн теңге) осы тектес тапсырыс түскен.

Ербол Мухамбаев

Ербол Мухамбаев, корреспондент
05.11.2022, 18:45