UzAuto ТМД-да алдыңғы орынға шығуды мақсат етеді
Өзбекстандық компания, сонымен қатар Қазақстанда ұсақтораптық құрастыруды дамытуға көмектеспекші.
UzAuto Motors баспасөз қызметі General Motors-пен бірқатар келісімдерге қол қойылғанын жариялады. Аталған келісімдер аясында шығарылып жатқан автомобильдердің қатарын жаңарту, зауыттардың қуаты мен өндіріс көлемдерін арттыру көзделген.
«ТМД елдері арасында автомобиль өндірісінде UzAuto Motors-ты алдыңғы орынға шығаруға бірлесе күш салуды жалғастыру қажеттігі, сондай-ақ Қазақстанда және Әзербайжанда автомобильдердің ұсақтораптық өндірісін ойдағыдай ұйымдастыруға жан-жақты қолдаудың маңыздылығы сөз болды», — делінеді General Motors делегациясының Асакадағы зауытқа сапарының қорытындысы жайлы UzAuto Motors-тың мәлімдемесінде.
UzAuto Motors 2023 жылы өндіріс көлемін жылына 500 мың бірлік автомобильге дейін, ал болашақта оны 1 млн-ға дейін арттырмақшы. Осы көрсеткішке жету үшін жаңа модельдер шығарумен қатар, Cobalt және Damas автомобильдерінің әрқайсысының өндірісін 150 мыңға дейін арттыратын болып шешті.
Бұған дейін General Motors UzAuto үшін Өзбекстанда шығарылмайтын микросхемалар мен борт электроникасын жеткізуді міндетіне алды. Компания сонымен қатар UzAuto Motors 2022 жылдың соңына дейін Chevrolet Nexia және Spark модельдерін шығаруды тоқтатынын мәлімдеген еді. Босаған қуатты Chevrolet Tracker және Onix секілді жаңа модельдер шығаруға икемдемек.
Ербол Казистаев, корреспондент
02.11.2022, 12:21