Меню CARMA.KZ

Тоқаев Атырау облысында жолдардың құрылысын жеке бақылауына алды

Мемлекет басшысы үкіметке «Атырау — Астрахань» тас жолын жөндеуді жеделдетуді тапсырды.

Тоқаев Атырау облысында жолдардың құрылысын жеке бақылауына алды / Фото: ҚазАвтоЖол
Тоқаев Атырау облысында жолдардың құрылысын жеке бақылауына алды / Фото: ҚазАвтоЖол

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, Атырау облысында автожол сапасының көрсеткіштері ақсап тұр. Жергілікті маңызы бар жолдардың 72%-ы ғана орташа күйде.

Республикалық маңызы бар жолдарға келсек, президенттің айтуынша, «Атырау — Астрахань» автожолын жөндеу жұмыстары баяу жүріп жатыр. Мемлекет басшысы үкіметке құрылыс жұмыстарының уақтылы және сапалы аяқталуын қамтамасыз етуді тапсырды.

«Жалпы, облыстағы шұрқ тесік жолдар талай рет жұрттың сынына ұшырады. Бірақ содан ешқандай нәтиже жоқ, тиісті мекемелер өз жұмысын дұрыс орындамайды. Ауданаралық, облысаралық жолдардың сапасы жақсармаса, аймақтарды дамыту туралы айтудың өзі қиын. Сондықтан, жол құрылысы менің жеке бақылауымда болады», — деді президент Атырау облысына жұмыс сапары барысында.

Ол жол бойындағы инфрақұрылымды дамытуға да назар аудару қажет екенін айтты. Президенттің айтуынша, ұлттық мұнай-химия кешенінің алғашқы кезеңі іске қосылғанда «Атырау — Доссор» жолында көлік қозғалысы күрт көбейеді.

«Құзырлы органдар бұл жолды үшінші санаттан бірінші санатқа ауыстыру мәселесін тез арада шешуге тиіс», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев «Атырау — Доссор» тасжолына қатысты.

Анықтама ретінде, бірінші санаттағы автомобиль жолдарының қозғалыс бөлігінің ені — 7 метр, бірінші санаттағы жолдарда кемі 15 метр болады.

Ербол Мухамбаев

Ербол Мухамбаев, корреспондент
08.11.2022, 15:42