Меню CARMA.KZ

Tesla Қытайдан 13 мыңға жуық көлікті кері қайтарып алады

Мұның себебі қауіпсіздік белдіктерінің ақауы болуы мүмкін.

Tesla Қытайдан 13 мыңға жуық көлікті кері қайтарып алады / Фото: Overclockers.ru
Tesla Қытайдан 13 мыңға жуық көлікті кері қайтарып алады / Фото: Overclockers.ru

Tesla Қытай нарығынан 12,9 мың Model 3 көлігін кері алдыратынын хабарлады. Ол қауіпсіздік белдіктеріндегі ақауға байланысты болып отыр, деп хабарлайды Chinadaily.

Нақтырақ айтсақ, 2019 жылғы 12 қаңтар мен 22 қараша аралығында өндірілген 2,7 мың импорттық автомобиль және 2019 жылғы 14 қазаннан бастап 2022 жылғы 26 қыркүйекке дейін қытайлық өндірістен шыққан 10,1 мың көлік кері қайтарылады.

Негізінен қайтарылған көліктерде артқы орындықтың ортасында орналасқан қауіпсіздік белдігі сервиске қайталап жүгінген кезде дұрыс орнатылмаған, делінген Tesla мәлімдемесінде. Компания белдік ілмектерінің кейбір алынбайтын бөліктері байланыстырушы бұрандамалармен бекітілмеген болуы мүмкін деп алаңдайды. Сондықтан жол апаты болған жағдайда қауіпсіздік белдігі қызметін тиісінше атқара алмайды.

Ербол Мухамбаев

Ербол Мухамбаев, корреспондент
27.11.2022, 20:12