Меню CARMA.KZ

Стратегиясының өзгеруіне байланысты Tesla Бейжіңдегі алғашқы көрме залын жапты

Компания автомобильдерін дилерлік орталықтар немесе дербес көрме залдары арқылы емес, негізінен Интернет арқылы тікелей саудалайды.

Стратегиясының өзгеруіне байланысты Tesla Бейжіңдегі алғашқы көрме залын жапты / Фотосурет ашық дереккөзден алынды
Стратегиясының өзгеруіне байланысты Tesla Бейжіңдегі алғашқы көрме залын жапты / Фотосурет ашық дереккөзден алынды

Өткен айда Tesla Inc. Бейжіңдегі Parkview Green сауда орталығында орналасқан басты көрме залын жапты, деп хабарлайды Bloomberg.

Қытай, Илон Масктың компаниясы үшін, АҚШ-тан кейінгі екінші ауқымды нарық болып табылады. Қыркүйекте онда Шанхайдағы зауытта өндірістік қуаттарды жаңғыртқаннан кейін рекордтық 83 135 бірлік көлік сатты.

Сонымен қатар, Tesla қытайлық электромобильдер нарығындағы шетелдік көлік өндірушілер арасында әлі де көш басында тұрса да, өзге халықаралық көлік өндірушілер алуан өнім түрлерін ұсынып, бәсекелесе бастады. Немістің Volkswagen AG көлік өндірушісі қыркүйекте Қытайдағы екі бірлескен кәсіпорны арқылы жаңа энергия көздерімен жүретін 16 383 автомобиль сатқан.

Сондай-ақ Уоррен Баффеттің қолдауындағы BYD Co. секілді қытай көлік өндірушілері тарапынан да бәсекелестік артып келеді. Компания қыркүйекте 200 000 артық көлік сатып, электрлі және гибрид автомобиль саудасы бойынша осымен жетінші ай қатарынан рекорд орнатумен келеді.

Қытай жеңіл автомобильдер қауымдастығының деректері бойынша, биыл Қытайда экологиялық таза автомобильдерге сұраныс артуына байланысты, электромобильдер саудасы 6 миллионға жетті. Бүгінде осы елде сатылатын әрбір төртінші жаңа автомобиль электрлі көлік болып табылады.

Вадим Григорьев

Вадим Григорьев, журналист
03.11.2022, 12:36