Меню CARMA.KZ

Шетелдік көліктерді тіркеу 200 мың теңге тұрады

Заң президентке қол қоюға жіберілді.

Шетелдік көліктерді тіркеу 200 мың теңге болады / Фото: ru.sputnik.kz
Шетелдік көліктерді тіркеу 200 мың теңге болады / Фото: ru.sputnik.kz

Парламент Қазақстанға1 қыркүйекке дейін әкелінген көліктерді заңдастыру үшін бастапқы тіркеу ретінде төлем құнын белгілеуді көздейтін салық кодексіне түзетулер енгізді, деп хабарлайды ҚР Парламент Сенатының баспасөз қызметі.

Енді елімізде шетелдік көлікті бастапқы есепке 200 мың теңгеге қоюға болады. Жалғыз шарт — көлік 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін елге әкелінген болуы тиіс. Сенат заңды қабылдады, қазір ол мемлекет басшысына қол қоюға жіберілген. 

«2022 жылғы 1 қыркүйекке дейін әкелінген көліктерді заңдастыру мақсатында алғашқы тіркеу үшін бірыңғай төлем құнын белгілеу 300 мыңға жуық автокөлікті есепке қоюға мүмкіндік береді, сондай-ақ, жергілікті бюджетті көлікке салынатын салықпен толтырады», — деді депутат Ғұмар Дүйсембаев. 

Сенатордың айтуынша, өзгерістер салық төлеушілерге, мемлекет мүддесіне және ел экономикасына оң әсер етеді. 

Айта кетейік, бұған дейін Президент Қасым-Жомарт  Тоқаев Қазақстанға 1 қыркүйекке дейін әкелінген көліктерді тіркеу үшін біржолғы шара ұсынған еді.

Жансая Нурбекова

Жансая Нурбекова, корреспондент
24.11.2022, 12:59