Rolls-Royce Spectre электромобилін таныстырды
Бұл Rolls-Royce-тың модель қатарындағы алғашқы электрлі көлігі.
Rolls-Royce компаниясының жаңа электрлі көлігі брендтің стилін сақтаған. Тіпті бәрімізге таныс радиатор торы мен капоттағы мүсіншесі де қалдырылған, деп жазады «Автостат» ресурсы.
Автокөлікте «екі қабатты» жарықдиодты фаралар бар, ал олардың төменгі жағы қара декормен тұмшаланған. Сондай-ақ, Rolls-Royce модельдерінің ішіндегі ең сүйрігі де осы Spectre (0,25 коэффицент).
Қазір жаңа көліктің параметрлері жетілдіріліп, тиісті сынақтар жүргізіліп жатқандықтан, техникалық сипаттамалары ашып айтылмайды. Spectre-дің жүріс қоры үстеме қуаттаусыз 520 шақырымды құрайды делінген.
Аталмыш модельдің түпкілікті сипаттамалары 2023 жылдың II тоқсанында белгілі болады, ал саудаға сол жылдың соңында шығады.
Ербол Мухамбаев, корреспондент
01.11.2022, 11:48