Ресейлік экологтар электрлі көліктерге көшеді
Ресейдің экологиялық басқармасы Липецктегі «Моторинвест»-тің i-Pro седанын сатып алуды көздейді.
Ресейдің қоршаған ортаны қорғауға және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жауапты табиғи ресурстар министрлігі, көлік паркін электрлі көліктермен жаңартпақшы, деп жазады Motor.ru ресурсы.
Экологиялық ведомство Липецктегі «Моторинвест» зауытында шығарылатын отандық Evolute маркалы i-Pro электрлі седанын таңдады. Қазір осы көліктің біреуін сынақтан өткізіп жатыр. Қанша көлік сатып алынатыны қоятындары әлі белгісіз. Бірақ Ресейдің табиғи ресурстар министрлігінің паркінде барлығы 46 автокөлік бар. Оның 98%-ы тозған, сондықтан келесі жылы жаңарту жоспарланып отыр.
Министрліктің айтуынша, олар алғашқы болып жанармаймен жүретін көліктерді экологиялық таза көліктерге ауыстырып, «басқа мемлекеттік органдарға үлгі» болғылары келеді.
«Біз қоршаған ортаны қорғау министрлігі ретінде, Ресейдегі электромобильдердің дамығанын және дизель мен бензин қозғалтқыштарынан электрлі қозғалтқыштарға көшуді қолдаймыз», — деді сынақ үшін жеткізілген Липецктің «Моторинвест» көлігіне отырып көрген министр Александр Козлов.
Биыл қыркүйек айының соңында қытайлық DongFeng Aeolus E70-тің прототипі болып табылатын Evolute i-Pro седаны «Моторинвест» компаниясының Липецк зауытында шығарыла бастады. Ресейлік электрлі көлік алдыңғы осьте 150 а.к. және 260 Нм айналу сәтін беретін қозғалтқышпен жабдықталған. Ол бір қуатпен 420 шақырымға дейін жүреді. Электрокар орнынан 9,5 секунд ішінде «жүзге» дейін үдей алады. Ал максималды жылдамдығы сағатына 150 шақырымды құрайды.
Әзірге бұл көліктің жалғыз жиынтығының құны 2 млн 990 мың рубльді (22,6 миллион теңге) құрайды. Қазан айының соңында алғашқы i-Pro көліктері дилерлік орталықтарға келе бастады. Жаңа модель тек бір жиынтықта, 17 дюймдік дөңгелектермен, ABS, ESP, көтерілу кезінде көмекші, артқы тұрақ және дөңгелектің қысымын бақылау жүйесімен жабдықталған. Сондай-ақ, жабдыққа әйнек пен сыртқы айналарды жылытқыш кіреді.
2022 жылдың қыркүйек айының соңында «Моторинвест» электрлі көліктерді шығаруға кірісті. Бір жарым айдың ішінде 380 Evolute көлігін құрастырған. Жылдың соңына дейін жалпы 2 мың электрокар шығару жоспарланып отыр. Әзірге тек i-Pro конвейерден шығады. Бірақ кейінірек кроссовер, минивэн және кросс-купе де қатарға қосылады. Қазан айындағы жоспарға сәйкес, кәсіпорын 2023 жылы 15 мың электромобиль шығармақшы.

Егор Васильев, корреспондент
19.11.2022, 10:55