Ресейдің дилерлерінде қытайлық Toyota Camry пайда болды
Автомобильдер Қытайда жергілікті нарық үшін шығарылған.
Мәскен мен Краснодар өлкесінің дилерлік орталықтарында Қытайда шығарылған Toyota Camry седаны сатыла бастады. Бұл автомобильдерді Ресейге параллельді импорт бойынша әкелген. Автомобильдердің орташа құны 4,2 млн-нан 4,9 млн рубльге дейін барады (31,6 млн-нан 36,9 млн теңгеге дейін), деп хабарлайды Motor.ru порталы.
Көліктердің барлығы орысшаланған және жергілікті нарыққа бейінделген. Luxury жиынтығы 178 ат күшіне тең 2 литрлік қозғалтқышпен және вариатормен жабдықталады. Ал Fashion және Ultimate-та 209 ат күшіне тең 2,5 литрлік мотор орнатылады.
Орындық пен рульдің жылыту жүйесі тек Ultimate жиынтығында ғана бар. Мәскеуде қозғалтқыш көлемі 3,5 литрлік Toyota Camry-ді де табуға болады. Мұндай автомобильдің құны 4,9 млн рубльден (36,9 млн теңге) басталады.
Ербол Мухамбаев, корреспондент
13.11.2022, 17:48