Ресейде «Москвич» кроссоверлерінің өндірісі басталды
Жаңа кроссовер 2022 жылдың желтоқсанында Мәскеуде, 2023 жылы Ресейдің қалған аймақтарында сатыла бастайды.
Ресейдегі «Москвич» зауытынан «Москвич 3» деп аталатын алғашқы автокөлік шықты. Жаңа кроссоверлер желтоқсан айынан Мәскеуде сатыла бастайды. Ал келесі жылдан бастап Ресейдің өзге аймақтарында да сатыла бастайды.
«Зауыт көлік құрамдастарын жерсіндіруді арттыра отырып, өз платформасында электрлі көліктердің өндірісіне ден қоймақшы. 2022 жылы «Москвич 3» көлігі мен электромобильдердің ірітораптық құрастыру басталады. Жақын арадағы міндетіміз — 2023 жылдың соңына дейін жергілікті жеткізушілерді тарту және шағын тораптық құрастыру процестерін жолға қою. Келесі кезең — отандық электромобильге арнап жеке әмбебап платформа құру. Оның өндірісі 2025 жылдың соңына жоспарланған», — деді Ресейдің өнеркәсіп және сауда министрі Денис Мантуров.
Бұған дейін «Москвич» зауыты 2 автомобильге мақұлдау құжатын алған болатын. Ішкі жану қозғалтқышты, алдыңғы жетекті автомобильдерде 109 және 150 ат күші бар 1,6 литрлік және 1,50 литрлік қозғалтқыштар қарастырылған.
«Москвич 3» кроссоверінде 1,5 литрлік бензинді турбо қозғалтқышпен, CVT автоматты беріліс қорабымен немесе 6-сатылы механикалық беріліс қорабымен жабдықталған, деп хабарлайды Autonews ресурсы.
Ербол Мухамбаев, корреспондент
24.11.2022, 15:01