Ресейде көлікті сату-сатып алу шартын онлайн рәсімдеуге болады
«Электронды төлқұжат жүйесі» автоматтандырылған жүйесінің жаңа ережесіне сәйкес, тіпті автомобильдің өзін сырттай көріп шығуға мүмкіндік бар.
Көлік құралдарының электронды төлқұжат жүйесіне (КҚЭТ) жауапты ресейлік оператор — «Электронды төлқұжат жүйесі» жаңа қызмет түрін іске қосқанын хабарлады. Енді ресейліктер автомобильді онлайн сатып-сатып ала алады. Мұндай жағдайда құжаттар электронды қолтаңбамен расталады, ал олардың қағаз көшірмелері талап етілмейді, деп хабарлайды «Автостат».
Мемлекеттік қызметтер порталында бұл функция негізінде бар. Дегенмен онда аздаған шектеулер енгізілген, яғни онлайн-шарттарды тек жеке тұлғалар арасында жасауға болады, ал автомобиль нақты сатып алушының атына рәсімделген болуға тиіс.
«Электронды төлқұжаттар жүйесінде» болса, қызметі біршама кеңейтілген — онда онлайн-шартты заңды тұлғалар да жасай алады, сондай-ақ мәмілеге бірден бірнеше сатушы мен сатып алушы қатыса алады, яғни автомобильді қайта-қайта тіркей берудің қажеті жоқ. Бұл қайта сатып алушылар мен трейд-ин үшін ыңғайлы.
Сондай-ақ автомобильді сырттай қарап көріп, 10-15 фотосуретін жасап, оны құжатқа тіркеуге болады.
Басқарушы директор Борис Ионовтың айтуынша, жаңа сервисті дилерлік орталықтармен біріктіруге болады. Ол үшін қажетті блоктарды қосса жеткілікті. Қазірдің өзінде «РОЛЬФ», «Автомир», Scania және Кәсіптік көлік нарығы одағында онлайн-шарт жасау пилоттық сынақтан өтті.
Естеріңізге сала кетейік, Көлік құралының электронды төлқұжаты ЕАЭО елдері аумағында жұмыс істейді. Қазақстанда жүйе 2022 жылдың 2 маусымында іске қосылды. Қыркүйектің басында жүйеге 124 автомобиль тіркелгені белгілі болды. Елімізде оған «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ жауапты.
Ербол Мухамбаев, корреспондент
23.11.2022, 13:05