Қытайда екі қабатты автоүй көпшілікке көрсетілді
SAIC Maxus Everest кемперінің тұрғын алаңы 18 шаршы метрді құрайды.
Қытайдың SAIC компаниясы Maxus Everest деп аталатын екі қабатты автоүйді көпшілікке таныстырды, деп хабарлайды Autonews.ru ресурсы.
Қытайлық SAIC Maxus компаниясының суббренді дөңгелекті үйдің жаңа моделін шығарды. Ол әзірге тек Аспанасты елінің нарығында ғана бар. Кемпердің бағасы 2,88 млн юаньнан (қазіргі бағам бойынша, 185,9 млн теңге) басталады. SAIC Hongyan платфомасындағы (бұған дейін Genlion H6 жүк көлігі жиналған) «тұрғын үй» 18 шаршы метрді құрайды.
Автоүй толық жетекті жүйемен және үш дифференциалды құлыппен жабдықталған. Everest капотының астында 6-сатылы Allison 3200P автоматты беріліс қорабымен жұптастырылған 330 ат күші бар Cursor C9 дизельді қозғалтқыш орнатылған. Жаңа өнімнің стандартты (300 литрді құрайды және 1000 км жүрілген жол) және кеңейтілген (2000 км-ге 600 л) жанармай багы бар.
Автоүй екі қабаттан тұрады. Бірінші қабатта ас бөлме, жуынатын бөлме орналасса, екінші қабатында қонақ және жатын бөлме, оған қоса, жиналмалы терасса қарастырылған. Өндіруші дөңгелекті үйде суды сүзгіден өткізу және жылыту жүйесі, жылы еден, кондиционерлеу жүйесі, тұрмыстық техника және аудиожүйе секілді жайлылықтар қарастырылғанын айтты.
Автоүйдің электроникасы жұмысын тиісінше атқару үшін, сыйымдылығы 29 кВт/сағ болатын аккумулятор қарастырылған. Оның қуатын күн батареялары, қуат станциялары мен ішкі жану қозғалтқышы арқылы толтыруға болады. Maxus қажет болса қосымша ақы төленсе, жанармай багын үлкейтіп бере алады, басқа да жабдықтарды қосқызуға немесе дизайндардың бірін таңдауға болады.
Бұл — SAIC компаниясының екінші екі қабатты автоүйі. Өткен жылдың ақпан айында қытайлық өндіруші Maxus Life Home V90 Villa Edition деп аталатын жаңа өнімді таныстырған болатын. Автоүйдің балконы, жедел сатысы және ас бөлмесі бар. Бір қызығы, осындай «архитектуралық артықшылықтарға» қарамастан, бұл дөңгелекті үйдің бағасы (2,95 млн юаньнан басталды (190,9 млн теңге) қазіргі жаңа модельден сәл ғана жоғары болды.
Қазақстанда дөңгелекті үйлер әлі кең таралмаған. Алайда тұрғын үй тіркемелерімен немесе автоүйлермен саяхаттауды ұнататын караваннерлер қауымдастығы бар. Олар Астанада 30 қарашада кездесу өткізген. Сондай жандардың бірі — Мирас Шекеновтың айтуынша, Қазақстандағы караваннерлер қауымдастығында бірнеше жүз адам бар. Олардың көпшілігі Астана, Алматы және Қарағандыда тұрады. Бұл қоғамдастық келесі жылдың көктемінде елордада осы қозғалысты насихаттау үшін фестиваль өткізуді жоспарлап отыр.
Егор Васильев, корреспондент
23.11.2022, 10:14