Меню CARMA.KZ

Қытайда денсаулық жағдайын тексеретін көлік жасалды

Компания алғашқы «дәрігер қызметіндегі көлікті» 2024 жылы өндіре бастайды.

Қытайда денсаулық жағдайын тексеретін көлік жасалды / Фото: BeyonCa
Қытайда денсаулық жағдайын тексеретін көлік жасалды / Фото: BeyonCa

Қытайда BeyonCa (Beyond the Car) маркасы дүйім жұрттың назарына таныстырылды. Компания көлік өндірісіне келгенде, мамандарына қоятын басты талаптардың бірі – жүргізуші мен жолаушының денсаулығына зейін қойып отыру. Жаңа модель осыған негізделіп жасалған, деп жазады motor.ru порталы.

Автокөліктің салонында орнатылған сезбектер жүрек соғуын, қан қысымын, температураны және басқа да денсаулықтың жай-күйін бақылайды. 2021 жылы BeyonCa компаниясын құрған қытайлық кәсіпкер Су Вейминнің айтуынша, бұл адамдарға ең қажеттілердің бірі. Компанияның толық атауы Beyond the Car, ол қазақ тіліне аударғанда «көліктің мүмкіндіктерінен артық» дегенді білдіреді.

Сондай-ақ, егер адамның денсаулық жағдайы қалыпты болмаса, көлікте жедел онлайн-кеңес беру жүйесі қарастырылған. Болашақта BeyonCa модельдерінде автопилот режимі пайда болған кезде, адам есінен танып немесе немесе денсаулығы сыр берген жағдайда, жүйе жолаушыны ауруханаға өзі жеткізе алады.

Компания алғашқы «дәрігер қызметіндегі көлікті» 2024 жылы өндіріске енгізбек. Аталмыш электромобильдің бағасы шамамен 1 миллион юаньды (2020 жылдың1 қарашасындағы ресми бағам бойынша 64,4 млн теңге) құрайды. Яғни көлік «сән-салтанат» санатында ұсынылатыны анық. Болашақта модельдік желі бес өнімге дейін өсіп, BeyonCa жылына 100 мың көлік  шығаратын болады.

Жансая Нурбекова

Жансая Нурбекова, корреспондент
01.11.2022, 15:17