Меню CARMA.KZ

Қазақстанның қай өңірлерінде бензин бағасы тым қымбат

Бір жыл ішінде жанармай бағасы 4%-ға қымбаттады.

Қазақстанның қай өңірлерінде бензин бағасы тым қымбат / Фотосурет ашық дереккөзден алынды
Қазақстанның қай өңірлерінде бензин бағасы тым қымбат / Фотосурет ашық дереккөзден алынды

Қазақстанда бензин жыл басынан бері 4%-ға қымбаттаған. Жанармайға ең жоғары баға Қостанай, Петропавл және Алматыда тіркелген, деп хабарлайды energyprom.kz порталы.

Сарапшылардың айтуынша, өңірлер арасында бағаның айтарлықтай өсуі Солтүстік Қазақстан (5,5%), Павлодар (5,1%) және Батыс Қазақстан (4,8%) облыстарында, сондай-ақ Алматы қаласында (4,8%-ға) байқалған. Ал Ақмола (бір жылда 2,2%) және Маңғыстау (2,6%) облыстарында баға қатты өспеген.

Порталдың деректеріне сүйенсек, 2022 жылдың қыркүйегінде Қазақстанда АИ-92 маркалы бензиннің бір литрінің орташа бөлшек сауда бағасы 179 теңгені құрады. АИ-95/96 маркалы бензиннің литрі 211 теңге, АИ-98 232 теңге болды.

Қазақстан қалаларының ішінде ең қымбат АИ-92 маркалы бензин Петропавлда (литріне 184 теңге), Астана, Жезқазған және Қостанайда (литріне 182 теңге) сатылды. Ең қымбат АИ-95/96 бензині Қостанай (литріне 222 теңге), Петропавл (литріне 217 теңге) және Алматы (литріне 215 теңге) қалаларында сатылды. АИ-98 маркалы бензин Павлодар (литріне 242 теңге), Қостанай (литріне 238 теңге) және Алматы (литріне 235 теңге) қалаларында қымбаттады.

Айта кетейік, елімізде биылғы тоғыз айда 3,7 млн тоннадан артық бензин өндіріліп, ішкі тұтынуды толықтай қамтамасыз етті.

Жансая Нурбекова

Жансая Нурбекова, корреспондент
09.11.2022, 15:57