Меню CARMA.KZ

Қазақстандағы ақылы жолдар қанша табыс әкелді

Қазақстандағы ақылы жолдардың жалпы ұзындығы 2,2 мың шақырымды құрайды.

Қазақстандағы ақылы жолдар қанша табыс әкелді / Фотосурет ашық дереккөзден алынды
Қазақстандағы ақылы жолдар қанша табыс әкелді / Фотосурет ашық дереккөзден алынды

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі автомобиль жолдары комитетінің мәліметінше, 2021 жылғы 23 қарашадан 2022 жылғы 23 қарашаға дейін еліміздегі ақылы жолдар шамамен 25 млрд теңге табыс тапты. 

«2,2 мың шақырымдық ақылы жолдардан жалпы сомасы шамамен 25 млрд теңгедей түсті. Бұл қаражат бірінші кезекте аталған жол учаскелерін күтіп ұстауға және ақы алу жүйесінің жұмысына жұмсалады», — деп хабарлады автомобиль жолдары комитетінің төрағасы Төлеген Абдуллин ОКҚ брифингінде. 

Оның айтуынша, 2023 жылы екінші санаттағы жолдарда ақы алуды енгізу жоспарда бар. Бірақ бұл жүк көлігінің жүргізушілеріне ғана қатысты болмақ. Ал басқа автожолдар бойынша шешім, оларға жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін қабылданады.

Ербол Мухамбаев

Ербол Мухамбаев, корреспондент
24.11.2022, 12:49