Меню CARMA.KZ

Қазақстанда жол апатынан екі аптада 60 адам көз жұмды

Тағы 400-дей адам түрлі жарақаттар алған.

Қазақстанда жол апатынан екі аптада 60 адам көз жұмды / Фотосурет ашық дереккөзден алынды
Қазақстанда жол апатынан екі аптада 60 адам көз жұмды / Фотосурет ашық дереккөзден алынды

Ішкі істер министрлігінің деректері бойынша, Қазақстанда қараша айының 2 аптасында 300-ден артық жол апаты болып, салдарынан 60 адам көз жұмса, тағы 400-дей адам түрлі жарақаттар алған. Жыл басынан бері  жол-көлік оқиғасында 2 мыңнан артық адам бақилық болып, 15 мыңнан артық адам жарақат алған.

Ішкі істер министрлігі бұған дейін 2022  жылдың қаңтары мен қазаны аралығында 10 мыңнан артық жол апаты болғанын хабарлаған еді. Апаттардың саны 2021 жылдың сәйкес кезеңіндегіден 9%-ға көп болып отыр.

«ІІМ барлығын жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады, әсіресе автомобильдермен арақашықтықты, қапталдағы интервалды, жылдамдық режимін сақтауға, сондай-ақ көлікті күрт тежемеуге және күрт қозғалыс жасамауға шақырады», — деп мәлімдеді ІІМ өкілдері.

Полиция қысқы жолдарда жүрген кезде (көктайғақта, жаңа қар жауған кезде) ауа райының қозғалыс режиміне, жауын-шашында көру мүмкіндігінің төмендеуіне әсерін, сондай-ақ жол қабатының жабысқақтық қасиеті суықтан өзгеріп, автомобильдің тежелу жолын ұлғайтып жіберетінін ескеру маңызды екенін айтады.

Ал жаяу жүргіншілер айналасына мұқият қарауы қажет, өйткені көлік құралы күрт тоқтай алмайды. Сондықтан  жолдан өтер кезде жүргізушінің жол беріп тұрғанына әбден көз жеткізіп барып өткен жөн. Құлаққап, телефон мен басты тұмшалау адамның назар салуына қатты кедергі жасайтынын ескеру қажет.

«Заңнамаға сәйкес, қыс маусымында қысқы шина орнатылмаған көлік құралдарын пайдалануға тыйым салынады», — деп атап өтті полиция өкілдері.

Естеріңізге сала кетейік, Кеден Одағының 018/2011 «Дөңгелекті көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентіне сәйкес қыста (желтоқсан, қаңтар және ақпанда) көлік құралдарын қысқы шинасыз пайдалануға тыйым салынады.

Қысқы шиналар көлік құралының барлық дөңгелектеріне орнатылуы тиіс. Олардың арнайы таңбалары және «M+S», «M&S», «M S» белгілері болады.

Қысқы шиналардың бүрі (ісік) бар болған жағдайда автомобильдің артқы әйнегіне белгі жапсыру қажет.

Қыста жазғы шинамен жүргендерге Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекстің 590 бабы, 5 бөлімі бойынша 5АЕК (15 900 теңге) көлемінде айыппұл салынады.

Ербол Мухамбаев

Ербол Мухамбаев, корреспондент
14.11.2022, 15:38