Қазақстанда жаңа автомобильдердің саудасы артып келеді
Қазан айында Chevrolet Cobalt, Hyundai Tucson, және Chevrolet Nexia модельдерін көп сатып алды.
Қазақстанның автобизнес қауымдастығының деректері бойынша, 2022 жылдың қаңтары мен қазаны аралығында елімізде 97,7 мың жаңа көлік құралы сатылған. Бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңіндегіден 0,9%-ға көп, ол кезде 96,8 мың көлік сатылды.
2022 жылдың тек қазан айының өзінде 9,9 мың жаңа жеңіл автомобиль мен 865 коммерциялық автомобиль сатылған. Бұл былтырғы қазан айындағыдан 4,9%-ға жоғары. Өткен айда Chevrolet Cobalt (2,2 мың), Hyundai Tucson (976), Chevrolet Nexia (729), Kia Ceed (484), Toyota Land Cruiser Prado (416), Chery Tiggo 7 Pro (376), Kia Sportage (264), Hyundai Accent (264), Hyundai Elantra (243) және Kia K5 (227) автомобильдері аса өтімді болды.
2022 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша қазақстандықтар, әсіресе Chevrolet (27,6 мың көлік сатылған), Hyundai (22,4 мың), KIA (11,1 мың), Toyota (7,9 мың), Lada (7 мың), Chery (3,1 мың), JAC (2,4 мың), Lexus (2,2 мың), Renault (1,4 мың) және Exeed (1,2 мың) брендтеріне қызығушылық танытқан.
Ербол Мухамбаев, корреспондент
12.11.2022, 14:02