Меню CARMA.KZ

Қазақстанда отынды көбірек тұтына бастады

Бензин, газ және дизель болсын, тұтыну көлемі артып барады.

Қазақстанда отынды көбірек тұтына бастады / Фотосурет ашық дереккөзден алынды
Қазақстанда отынды көбірек тұтына бастады / Фотосурет ашық дереккөзден алынды

Энергетика министрлігінің мәліметінше, 2022 жылдың қаңтар-қыркүйек аралығында, Қазақстанда жалпы көлемі 3,7 млн тонна бензин тұтынған. Өткен жылдың сәйкес кезеңінде бұл көрсеткіш 3,5 млн тоннаны құраған, яғни 200 мыңға аз. Ал 2020 жылдың қаңтар-қыркүйегіндегі көрсеткіш одан да аз (2,9 млн тонна) болды.

2021 жылы Қазақстанда АИ-92 бензинін Атырау және Ақтөбе облыстары, сондай-ақ Астана қаласы көп тұтынған. Ал ең аз жаратқан Солтүстік Қазақстан және Қарағанды облыстарының, сондай-ақ Алматы тұрғындары болды.

Дизельге келетін болсақ, елімізде оның тұтыну көлемі жыл сайын 300 мың тоннаға ұлғаюмен келеді. 2022 жылғы қаңтардан қыркүйекке дейін 4,2 млн тонна дизель, 2021 жылы — 3,9 млн тонна, ал 2020 жылы 3,6 млн тонна жаратқан.

2021 жылдың қорытындысы бойынша, Қазақстанда Қызылорда, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстары дизельді бәрінен көп пайдаланды. Алматы, Шымкент және Қарағанды облыстары өте аз тұтынған.

2022 жылдың 9 айында сұйытылған мұнай газын тұтыну деңгейі 2020 жылғы деңгеймен бірдей болды. Ол кезде бұл көрсеткіш 1,49 млн тоннаны, 2022 жылғы қаңтар-қыркүйекте 1,45 млн тоннаны құрады. 2021 жылы қазақстандықтар 1,8 млн тонна газ тұтынды.

2022 жылы газды тұтынудың қорытынды көрсеткіштері өткен жылмен салыстырғанда жоғары болуы ықтимал. Биылғы жылы қазақстандықтар бір тоқсанда орташа есеппен 481,8 мың тонна, ал өткен жылы 451,5 мың тонна газ тұтынған.

Ербол Казистаев

Ербол Казистаев, корреспондент
15.11.2022, 17:15