Меню CARMA.KZ

Қазақстанда битумға қатысты тағы бір мәселе бар болып шықты

Битумға тұрақсыз сұраныстан басқа, оны қыста сақтау да мәселе болып отыр.

Қазақстанда битумға қатысты тағы бір мәселе бар болып шықты / Фото: uralskweek.kz
Қазақстанда битумға қатысты тағы бір мәселе бар болып шықты / Фото: uralskweek.kz

Әкімдіктер мен «ҚазАвтоЖол» мәліметтері бойынша, елімізде битум тапшылығы мәселесі өзекті болып қала бермек. Жергілікті деңгейдегілер мәселе битумды сақтайтын орынның жоқтығында десе, ал орталық деңгейде жыл бойы битумды біркелкі сатып алмаудан деп түсіндіреді.

 «Битумды оң оңайы — шұңқырда сақтау. Бірақ мұндай шұңқырларда битум қатып қалады, оны үнемі қыздырып отыру қажет. Ал бұдан оның сапасы төмендейді. Демек жолдардың сапасына да тікелей әсер етеді. Шикізатты жабық қоймаларда сақтауға да болады. Өйткені, әрбір мердігердің осындай қоймасы бар. Сосын битумды қыста да, жазда да сатып алуға болады», — деді Қазақстанның автожолшылар қауымдастығының президенті Бағлан Баймағамбетов, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінде өткен кеңесінде.

Өз кезегінде Энергетика министрлігінің мұнай тасымалдау және өңдеу департаменті директорының орынбасары Самат Мергенов биржаларда сатылатын битумның үлесін арттыруды ұсынды. Оның айтуынша, көрсеткіш 2021 жылдан бері өзгермеген.

Бұған дейін индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі, қыста және көктемде жол-құрылыс жұмыстары жүргізілмейтіндіктен, битум сатып алуға өтінімдер мүлдем болмайды деп мәлімдеген. Алайда, жазда трейдерлер сұраныстың жоғары болуына байланысты, бағаны көтеру үшін битум тапшылығын қолдан жасайды.

Осылайша, битумның 1 тоннасы 90 мыңнан 250 мың теңгеге дейін қымбаттайды. Енді ИИДМ қыс мезгілінде сұранысты қамтамасыз етіп және осы кезеңде зауыттарды жүктеу үшін бірыңғай битум сатып алушыны анықтауды ұсынады. Бұл бағаны теңестіріп, болашақта тапшылықты болдырмауы тиіс.

Ербол Мухамбаев

Ербол Мухамбаев, корреспондент
02.11.2022, 15:11