Меню CARMA.KZ

Қазақстан 1 млрд-тан астам еуроға жеңіл көлік импорттады

2022 жылы жеңіл көліктер отандық импорттың барлық тауар топтары арасында жоғары сұранысқа ие.

Қазақстан 1 млрд-тан астам еуроға жеңіл көлік импорттады / Фотосурет ашық дереккөзден алынды
Қазақстан 1 млрд-тан астам еуроға жеңіл көлік импорттады / Фотосурет ашық дереккөзден алынды

Сауда және интеграция министрлігінің деректері бойынша, 2022 жылдың қаңтар-қыркүйек аралығында елімізге жалпы сомасы 1,06 млрд долларға (489,6 млрд теңге) жеңіл көлік әкелінді. Биыл отандық импорттың барлық тауар топтары арасында көлік импорты бәрінен асып түсті. 

Сондай-ақ, Қазақстан құрамдастарды көп импорттайды. Мәселен, 2022 жылдың қаңтар-қыркүйекте елімізге жалпы сомасы 740,2 млн долларға (341,9 млрд теңге) көлікке арналған шанақтар, 544,8 млн долларға (251,5 млрд теңге) автомобиль мен тракторға арналған бөлшектер мен керек-жарақтар және 307,7 млн долларға (142,1 млрд теңге) ішкі жану қозғалтқыштары әкелінді.

Евроодақ елдері Қазақстанға 110,5 млн долларға (51 млрд теңге) жеңіл көлік және 103,2 млн долларға (47,7 млрд теңге) трактор жеткізген.. Елімізге автомобильге арналған шанақтар көбінесе ЕАЭО елдері (255 млн доллар (117,8 млрд теңге) мен Қытайдан (195 млн доллар (90 млрд теңге) әкелінеді.  

Қазақстанның 2022 жылғы қаңтар-қыркүйектегі сыртқы саудасына жасалған шолуда, импортпен қатар экспорт көлемінің өскені айтылған. Өкінішке орай, автомобильдер мен олардың құрамдас бөліктері отандық экспорттың жетекші тауар топтарына кірген жоқ. Бірақ сауда министрлігінің айтуынша, Қазақстан Орталық Азия елдеріне жалпы сомасы 166,6 млн долларға (76,9 млрд теңге) жеңіл көлік жеткізген.

Ербол Мухамбаев

Ербол Мухамбаев, корреспондент
24.11.2022, 12:36