Меню CARMA.KZ

Президент Маңғыстау облысындағы жолдардың сапасына назар аударды

Ол келесі жылы «Ақтау — Форт-Шевченко», «Таушық — Шетпе» жолдарын жөндеуге кірісуді тапсырды.

Президент Маңғыстау облысындағы жолдардың сапасына назар аударды / Фото: yvision.kz
Президент Маңғыстау облысындағы жолдардың сапасына назар аударды / Фото: yvision.kz

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстау облысындағы «Бейнеу — Шалқар» автожолының құрылысы маңызды екенін еске салды. Мемлекет басшысының айтуынша, құрылыс жұмыстары баяу жүріп жатыр. Сондықтан, үкімет жөндеу жұмыстары жайлы құжаттарды жедел түрде дайындауы тиіс.

«Өңір тұрғындары облыстық деңгейдегі жолдың сапасы жөнінде жиі шағым айтады. Үкімет әкімдікпен бірлесіп, «Ақтау — Форт-Шевченко», «Таушық-Шетпе» жолдарын жөндеуге келесі жылдан бастап кірісуі керек», — деп мәлімдеді президент Маңғыстау облысының жұртшылығымен кездесуде.

Ол жолдардың сапасы өңірдің даму деңгейін көрсететін маңызды көрсеткіштердің бірі екенін қоса кетті. Өйткені Маңғыстау облысы қолайлы орналасқандықтан, көліктік-логистика және инвестиция жағынан мүмкіндігі зор. Мемлекет басшысы Қазақстан өңірді әлемдік маңызы бар көлік-транзиттік торапқа айналдыра алады деп есептейді.

Ербол Казистаев

Ербол Казистаев, корреспондент
07.11.2022, 14:45