Nokian Tyres Всеволжскідегі зауытын сатып жатыр
Мәміле сомасы 400 млн еуро, сонымен қатар фин компаниясы кері сатып алу құқығын сақтап қалып отыр.
Шина шығаратын Nokian Tyres компаниясы ресей нарығынан кететінін, Ресейдің «Татнефть»-індегі активтерін сататынын биылғы жазда мәлімдеген, деп жазады Interfax.
Тараптар келісімшартқа қол қойды, мәміле бағасы 400 млн еуро шамасында, делінеді Nokian-ның хабарламасында. Фин өндірушісі мәміле құны айналым капиталының көлемі мен айырбас бағамдары секілді, бірқатар факторға байланысты әлі де нақтылана түсетінін айтады. «Татнефть» болса, фин компаниясының ресейлік активтерін, оның ішінде Всеволожсктегі (Ленинград облысы) зауытты сатып алу жөнінде келісім болғанын растады.
Сонымен қатар, дереккөзге сілтеме жасаған тағы бір ресейлік басылым — «Коммерсант» финдар кәсіпорынды кері сатып алу құқығын сақтап қалғанын айтады. Мәміле қашан түпкілікті аяқталатынын тараптар айтпады, оның себебін ресейлік реттеушінің рұқсатын алу қажет деп түсіндірді. Ресейден шина жеткізу тоқтаған жағдайда ол Nokian-ның алдағы 2-3 жылда, әсіресе Орталық Еуропа елдеріндегі саудасына кері әсер ететін болады, деп атады компания.
Всеволожсктегі (Ленинград облысы) Nokian Tyres зауыты 2005 жылы қыркүйекте ашылған болатын. Зауытта жылына 17 млн шина шығаратын 14 өндірістік желі жұмыс істеп тұр. 2021 жылы компанияның жеңіл шиналарының 80%-ы Ресейде өндіріліп, «Ресей және Азия» бизнес-бағыты Nokian Tyres саудасының 20%-ға жуығын қамтамасыз етті. Nokian осынау қысқарып қалғалы отырған көлемдерді өзінің Финляндия мен АҚШ-тағы өндірістерінің қуатын арттыру есебінен толтырмақшы, оған қоса «Татнефть» Қазақстанда өндірісті жолға қоюды ойластырып жатыр.
Биылғы жазда Сарань қаласында жылына 3,5 млн шина шығаратын «KamaTyresKZ» ЖШС зауыты іске қосылатыны хабарланды. Жобаға құйылған инвестиция 175 млрд теңгені құрайды. Алғашқы кезеңде — 124,9 млрд теңге, екінші кезеңде 50 млрд теңге қаржы құйылады. Жоспар бойынша кәсіпорын бастапқыда жеңіл, жеңіл көлік және жүк техникасы үшін, ал екінші кезеңде ауыл шаруашылығы техникасына арналған шиналар өндіретін болады.
Қазақстандық жоба «Татнефть» ЖАҚ, «Татнефть-Нефтехим» ЖШҚ (Ресей), «Allur Tyres» ЖШС және «Сарыарқа» ӘКК» АҚ дербес қаражаттары есебінен жүзеге асады. Зауытты дамытуға қаражаттың бір бөлігі бастапқы нарық пен экспортқа жеткізу барысында офтейк келісімшарттардан бағытталуы тиіс. «KamaTyresKZ» өнімдерін елімізде шығарылатын жаңа автомобильдерді бастапқы жиынтықтауға, еліміздің қайталама нарығына, сондай-ақ ЕАЭО елдеріне жеткізілетін болады.
Егор Васильев, корреспондент
08.11.2022, 12:50