Меню CARMA.KZ

«Моторинвест» Evolute электромобилінің эфиопиялық шығу тегін түсіндірді

VIN кодына сәйкес, ресейлік алғашқы Evolute i-Pro электрлі көлігі Эфиопияда құрастырылған.

«Моторинвест» Evolute электромобилінің эфиопиялық шығу тегін түсіндірді / Фото: Автовоз
«Моторинвест» Evolute электромобилінің эфиопиялық шығу тегін түсіндірді / Фото: Автовоз

Evolute i-Pro электрлі көлігінің VIN кодындағы бірінші қаріп журналистердің назарына ілікті. Нақтырақ айтсақ, код «ЕА» деген таңбалардан басталады. Бұдан көліктің шығу тегі эфиопиялық екенін аңғаруға болады. Ал ресейлік автомобильдердің VIN коды «X» немесе «Z» қарпінен басталатыны мәлім.

«Автовзгляд» порталының айтуынша, Evolute i-Pro-ның VIN кодындағы үшінші қарпіне назар аударған жөн. Автокөліктің сәйкестендіру нөмірі «EAN» таңбаларынан басталады. Ал бұл Ресейдің электромобиль өндірушісі «Моторинвест» ЖШҚ коды екені белгілі.

Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылдың қазан айында «Моторинвест» тобы Evolute i-Pro-ның саудаға шыққанын жариялады. Ресейде көлік шамамен 3 миллион рубль (шамамен 23 миллион теңге) тұрады. Жаңа электрлі көлікті Мәскеу, Санкт-Петербург, Төменгі Новгород, Қазан, Воронеж, Краснодар, кейінірек Дондағы Ростов, Сочи және Симферопольдегі дилерлерден сатып алуға болады.

«Моторинвест» электромобильдер желісін i-Pro седанынан басқа, i-Joy кроссоверімен және I-Van минивенімен толықтыруды жоспарлап отыр.

Ербол Мухамбаев

Ербол Мухамбаев, корреспондент
01.11.2022, 13:19