Меню CARMA.KZ

Mercedes-Benz Marco Polo кемперлер қатарын электрлі үймен толықтырмақ

Marco Polo деп аталатын электрлі кемпердің прототипі биылғы жылдың соңына дейін таныстырылады.

Mercedes-Benz Marco Polo кемперлер қатарын электрлі үймен толықтырмақ / Фото: 24tv.ua
Mercedes-Benz Marco Polo кемперлер қатарын электрлі үймен толықтырмақ / Фото: 24tv.ua

Жолаушылар тасымалдауға арналған коммерциялық модельдер жасайтын Mercedes-Benz Vans бөлімшесі 2022 жылдың соңында Mercedes-Benz Concept EQT Marco Polo моделін таныстыратынын хабарлады, деп жазады Motor.ru. 

Мерседестің жаңа «дөңгелекті үйі» Mercedes-Benz EQT сериялық электромобилінің бір модификациясы болуы тиіс. Дегенмен, базалық модель тұтынушыларға әлі көрсетілмегендіктен, жаңа кемперді жасаушылар прототипін биылғы желтоқсанның 2-сінде жұрт назарына ұсынамыз деп отыр. Неміс бренді өзінің жүретін үйін «санаулы қимыл-әрекетпен кемпингтегі барлық элементті алып тастап оны күнделікті пайдалануға болатын толыққанды мини-кемпер» деп атады.

Mercedes-Benz Concept EQT Marco Polo моделі трансформацияланатын модульдардан құралатын болады. Олардың көмегімен жолаушылар салонын жатын орынға, жүк бөлігін барлық қажетті техникамен жабдықталған асүйге айналдыруға болады. Техникалық жарақтануы жағынан алғанда модель соңғы буын Renault Kangoo базасында жасалған Mercedes‑Benz T-Class Marco Polo-ға ұқсас болады. Электрокардың сериялық нұсқасы 2023 жылдың екінші жартысында — Mercedes-Benz EQT базалық электромобилінің сериялық нұсқасы көрсетілгеннен кейін бірден пайда болмақшы.

Естеріңізге сала кетейік, бес орындық Mercedes-Benz T-Class компактвэнінің ұзындығы 44 98 мм, ені 1859 мм және биіктігі 1811 мм құрайды. Жүк салғышының көлемі артқы орындықтарды жатқызған кезде 2390 литрге дейін жетеді. Аталмыш көлік 4-цилиндрлі дизель немесе бензин қозғалтқышпен, әрқайсысы екі қуаттылық нұсқасымен жиынтықталады. Көлікке Eco Start/Stop жүйесі орнатылады, беріліс қорабы — механикалық, 6-сатылы немесе робот, екі ілініспен болады. Сонымен бірге T-Class автомобилінде сан түрлі қауіпсіздік жүйелері қарастырылған. Атап айтқанда, оның стандартына жеті air bag, тежеу барысында көлденең жүріс функциясы бар көмекші жүйе, қозғалыс жолағында ұстап отыру жүйесі, шаршағанды ескертетін жүйе және соқыр аймақтарды жоюға арналған көмекші жүйе кіреді.

 

Егор Васильев

Егор Васильев, корреспондент
08.11.2022, 12:44