Lamborghini алғашқы электрлі көлігін шығармақшы
Электромобиль нарықта 2028 жылы пайда болады.
Lamborghini компаниясының бас директоры Стефан Винкельманның айтуынша, жаңа электрлі көлік сұраныстағы модельдерді ығыстырмайды. Жоспар бойынша Lamborghini-дің алғашқы электромобилі екі есікті, жоғары клиренсті және 2+2 қону формуласымен қамтылады. Компания Volkswagen Group-пен серіктес болғандықтан, көлік SSP платформасында жасалуы мүмкін.
Аталмыш электрокар нарыққа 2028 жылы шығады деп жоспарланады. Ол Volkswagen Group технологиясының көмегімен пайда болмақ.
Lamborghini өзінің стратегиялық электрлендіру жоспарына шамамен 1 800 миллион еуро бөледі. Сипаттамасына келсек, электромобиль конструкциясы карбон панельмен және алдыңғы батареямен жабдықталады. Оған қоса, электрлі көлік бәсекелестеріне қарағанда, салмағы жағынан жеңіл болады. Бұл өз кезегінде сатып алушыларға көлікті жақсы басқаруға және аэродинамикаға кепілдік береді.
Жансая Нурбекова, корреспондент
08.11.2022, 15:48