KIA жаңартылған Ray микровеннің таныстырды
Көліктің жаңа нұсқасы Ray Gravity деп аталды.
Кореялық Kia автомобиль өндірушісі Ray Gravity шағын микровеннің жаңартылған нұсқасын таныстырды. Автокөліктің құны шамамен 18,6 мың долларды (8,5 млн теңге) құрайды.
Техникалық сипаттамалары әлі айтылған. Кореялық компания көліктің сыртқы түрін көрсетумен шектелді. Алдыңғы және артқы бамперлері, сондай-ақ бүйірлік әйнектері мен төбесі қара жапсырмалармен безендірілген. Сонымен қатар, көлікке 15 дюймдік қара жеңіл балқымалы дискілер орнатылған.
Дилерлік орталықтарда KIA Ray Gravity ақ, ақшыл және жасыл-көк түсте болады, деп жазады Chosun порталы.
Оған қоса, аталмыш көлікті табиғатқа шығу үшін сатып алатындарға, брезент, проектор, үстел, перде секілді заттар қарастырылған.
KIA Ray микровені Оңтүстік Кореяда 2011 жылдан бері өндіріліп, сатылып келеді. Бұл көліктің айрықша ерекшелігі — алдыңғы есіктері мен сол жақ артқы есіктері қарапайым бұралмалы, ал артқы оң жақ есіктері — жылжымалы, микроавтобустарға ұқсас.
Ербол Мухамбаев, корреспондент
19.11.2022, 10:59