«КАМА» 2023 жылы ресейлік «Атом» электромобилін таныстырмақшы
Компания Мәскеудің көлік департаментімен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойып қойды.
Ресейлік «КАМА» бренді 2023 жылдың ІІІ тоқсанында «Атом» жаңа электромобилін таныстыруды жоспарлап отыр. Ал саудаға электромобиль сәл кейінірек шығатын болады.
Электромобильдің техникалық сипаттамасы әзірге белгісіз. Оның электрлі қозғалтқышпен шығарылатыны анық.
Осыған дейін, 2022 жылдың наурызында «КАМА» Мәскеу департаментімен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойып, оның аясында бас қаланың көлік жүйесіне енгізу үшін электромобильдің тәжірибелік үлгілерін жасайтын болды.
«Атом» — «КАМАЗ»-дың «еншілесі» жасап отырған осымен екінші электромобилі. Біріншісі «Кама-1» болды. Алайда былтыр «Кама-1»-дің таныстырылымынан кейін «КАМАЗ» өкілдері сериялық өндіріс 2024 жылдан ерте басталмайтынын мәлімдеді.
Ербол Мухамбаев, корреспондент
12.11.2022, 14:17