Меню CARMA.KZ

Jeep компаниясы электрлі көлікке әдемі атау ұсынған адамға жолдама сыйламақшы

Stellantis North America компаниясы желі қолданушылары арасында байқау өткізеді.

Jeep компаниясы электрлі көлікке әдемі атау ұсынған адамға жолдама сыйламақшы / Фото: Carbuzz.com
Jeep компаниясы электрлі көлікке әдемі атау ұсынған адамға жолдама сыйламақшы / Фото: Carbuzz.com

Jeep брендінің иелері жаңа электрлі жол талғамайтын көлікке ең жақсы атау ойлап тапқан адамға $40 мың доллар тұратын арнайы сыйлық дайындап отыр.

Электрлі джиптің жаңа нұсқасы әзірше Wagoneer S деп аталады. Алайда Stellantis North America компаниясының бұл атауға көңілдері толмағандықтан, 23 қарашадан бастап желі қолданушылары арасында жаңа өнімге ең жақсы атау іздеп, байқау жариялады. Байқауға 2-ші желтоқсанға дейін қатысуға болады. Аталмыш көлікке жақсы атау ойлап тапқан адамға Вайоминг штатындағы Джексон Хоул тау шаңғы курортына 40 мың доллардың жолдамасын беріледі.

Жүлденің құнына әуе билеттері мен тұру құны, сондай-ақ қаланы әуеден тамашалау, гид қызметі және нұсқаулық кіреді. Сонымен қатар, байқау жеңімпазы жергілікті дүкендердің біріне мың долларлық сыйлық картасына да ие болады. Байқауға қатысушылар жаңа көлікке қалаған атауларын ұсына алады. Бірақ бастысы 50-символдан аспауы тиіс.

2023 жылы Еуропада 400 км жүріс қоры бар жаңа Avenger компакт-кроссы саудаға шығады. 2024 жылы АҚШ нарығына арналған Wrangler- Recon батареялық аналогы шығарыла бастайды. 2 желтоқсаннан кейін жаңа атауға ие болуы мүмкін, Wagoneer S көлігі де сол мерзімде сатылмақшы. Аталмыш көлік Jeep Grand Cherokee Trackhawk сияқты, 600 а.к. күш қондырғысымен 3,5 секундта 60 миль (97 км) сағ жылдамдыққа жете алады. Wagoneer-дің жүріс қоры ― 643 км.

Бұған дейін Stellantis North America компаниясы көліктерінің барлығын электрлендіру жоспары барын хабарлаған. 2030 жылға қарай АҚШ нарығында осы брендтің жалпы саудасындағы электрлі көліктерінің үлесі 50%-ға жетпек. Ал Еуропада осы уақытқа қарай Jeep дилерлерінде ішкі жану қозғалтқышты жаңа көліктер болмайды. Естеріңізге сала кетейік, Еуропа 2035 жылға қарай ішкі жану қозғалтқышымен жаңа автомобильдер шығарудан толық бас тартпақшы.

Егор Васильев

Егор Васильев, корреспондент
26.11.2022, 22:02