Меню CARMA.KZ

Испанияның жол полициясы BMW-ның қар тазалайтын көліктерін пайдаланбақшы

Мадридте жол полициясы немістің көпфункционалды электрлі көліктеріне отыра бастады.

Испанияның жол полициясы BMW-ның қар тазалайтын көліктерін пайдаланбақшы / Фото: Motor.ru
Испанияның жол полициясы BMW-ның қар тазалайтын көліктерін пайдаланбақшы / Фото: Motor.ru

Мадридтің полициясы BMW-ның 169 дана электрлі көлігін сатып алғанын растады. Оларды қар басқан тас жолдарды аршып өтуге пайдаланбақшы, деп хабарлады Motor.ru ресурсы.

Испанияның полиция автопаркіне жеткізілген 169 жаңа неміс көлігінің шамамен үштен бірі толығымен — электрлі, ал қалғандары әдеттегі ішкі жану қозғалтқыштарына қосымша 48 вольтты жүйелері бар жұмсақ гибридтер. Мадрид полициясына BMW i3, BMW 225xe Active Tourer, BMW 220i Active Tourer, BMW 530i және BMW X5 xDrive 30D модельдері жеткізіледі.

 Көліктердің алғашқы легі Мадрид муниципалды полициясына салтанатты түрде табысталды. Рәсімге Мадрид мэрі Хосе Луис Мартинес-Альмейда, BMW Group Spain төрағасы Мануэль Терроб және муниципалды полиция басшысы Пабло Энрике Родригес Перес қатысқан. Әкелінген көліктердің арасында жаңа BMW i3 моделі де бары ерекше көзге түсіп отыр. Ол биылғы тамыз айында өндірістен алынып тасталғанын айта кету керек.  Десек те енді ол Мадрид көшелерін патрульдеуге пайдаланылғалы отыр.

BMW X5 xDrive 30d моделіне келетін болсақ, барлық полиция көліктеріне тән арнайы сигналдардан басқа, кроссовер қуатты шығырмен, бірнеше арқан  және күрмектермен, сондай-ақ, қар итергішпен жабдықталған. Яғни қажет болған жағдайда, бұл көлікті қарлы жолдарда жол салу үшін пайдалануға болады.

Испанияның жол полициясының электромобильдер мен гибридтерге ауысуы, аймақтағы үрдіске сай келеді. Естеріңізге сала кетейік, Еуропа 2035 жылға қарай ішкі жану қозғалтқышы бар жаңа көліктер шығарудан толығымен бас тартпақшы. Сол уақытқа қарай АҚШ-тағы Калифорния штаты да көмірсутекті жаңа көліктерді шығармауға ниетті. BMW-ның бәсекелесі Volkswagen 2033 жылдан бастап еуропалық нарықта тек электрлі көліктер сатылады деп айтқан болатын.

Егор Васильев

Егор Васильев, корреспондент
28.11.2022, 15:30