Меню CARMA.KZ

Иран Ресейге ITMCO тракторларын жеткізе бастайды

Ислам төңкерісінің күзет корпусына тиесілі компания шығаратын техниканың бірнеше данасы Ресейге сертификаттау үшін жеткізілді.

Иран Ресейге ITMCO тракторларын жеткізе бастайды / Фото:
Иран Ресейге ITMCO тракторларын жеткізе бастайды / Фото:

Иран Ресейге дөңгелекті тракторларды осы айда жеткізе бастайды, деп хабарлайды ирандық өндірушінің Ресей Федерациясындағы ресми дистрибьюторы — «Жевель ИТМ» компаниясына сілтеме жасаған Газета.ру.

«Біз жақын арада ирандық ауыл шаруашылық ITMCO тракторларын сататын дилерлік желіні құра бастаймыз, ITM 1500 4WD моделінің алғашқы екі техникасы Ресейге сертификаттау жұмыстарын жүргізу үші жеткізілді. Ирандық компания үшін Ресей — алғашқы еуропалық нарық, өйткені ITMCO негізінен Жақын және Орта Шығыс елдеріне арналып шығарылып келді. Компанияның мемлекеттік болып табылады, Ислам төңкерісі күзетінің корпусына қарайды, — деп атап өтті «Газетой.Ru» ақпарат көзімен әңгіме барысында компанияның Ресейдегі ресми өкілі Евгений Жуков.

Оның уәждеуі бойынша, ирандық тракторларды Ленинград облысының ауыл шаруашылығы өндірушілері сатып алуға қызығушылық білдірген және қазіргі таңда аталған аймақта ITMCO атынан өкілдік ететін дилерге техника жеткізу жөнінде уағдаластық бар. Қазір Ресейде сертификаттаудан өтіп жатқан ITM 1500 4WD моделі Иранда нөлден бастап жасалған. Трактор қуаты 150 ат күшіне тең (айналу сәті 650 Нм) бүріккішті алты цилиндрлі қозғалтқышпен және 12-жылдамдықты синхронды беріліс қорабымен жабдықталады.

Бұл модельдің қуаттылықты таңдау білігінің максималды өнімділігі 138 ат күшіне тең, отын багының көлемі 380 литрді құрайды. Кабинасы жылытылады әрі кондиционері бар. Алдын ала жасалып отырған есептеулер бойынша, ирандық бір трактордың құны 5,7 млн рубльді (43,2 млн теңге) құрайды. Ирандық компания алдағы уақытта «Жевель ИТМ» компаниясымен бірге Ресейдің барлық негізгі ауыл шаруашылығы аймақтарында ауыл шаруашылығы техникасын сататын дилерлік орталықтарын ашпақшы.

Естеріңізге сала кетейік, батыстың санкциясында отырған Ресей мен Иран көлік өнеркәсібінде түрлі ынтымақтастық жолдарын біраздан бері қарастырып жатыр. Биылғы қыркүйек айының соңында Иранның қосалқы бөлшектер өндірушілерінің қауымдастығы директорлар кеңесінің төрағасы Наджафи Манеш Ресеймен бірлесіп көлік құрамдастарын шығаратын кәсіпорын құру ниеті бар екендіктерін мәлімдеген еді.

Манеш сол кезде екі ел де Renault-мен бір мезетте жұмыс істеді: Иранда фраанцуз компаниясы 2003 жылдан бері Iran Khodro және Saipa Group серіктестерімен автомобиль шығарумен айналысты, Ресейде француздар Тольяттиде және бұрынғы АЗЛК — мәскеулік зауытта Logan мен Sandero модельдерін құрастырды. Тамызда Iran Khodro компаниясы Ресейге өз автомобильдерін экспорттауға дайын екендігін мәлімдеді.

Iran Khodro дербес маркаларының және Peugeot лицензиясымен жеңіл автомобильдер, Mercedes-Benz лицензиясымен жүк көліктері мен автобустар шығарумен айналысады. Компания автомобильдерін ресей нарығына 2007 жылдан 2009 жыл аралығында жеткізіп тұрған болатын. Биыл ол 500 мың автомобиль шығаруды жоспарлап отыр. Мақсаты — жыл сайын осы өндірген жарты миллион өнімінің бестен бірін, яғни 100 мыңын экспортқа шығару.

Егор Васильев

Егор Васильев, корреспондент
11.11.2022, 20:06