Honda жаңа Accord моделін таныстырды
Жапондық өндіруші жаңа өнімді биыл шығармақшы.
Жапондық Honda компаниясы Accord-тың жаңа буынын таныстырды, деп хабарлайды «Коммерсант» басылымы.
Accord моделі әлемдік нарықта кең таралған. Honda аталмыш седанды 1976 жылдан бастап шығарады. Ол бастапқыда азлитражды болған, ал 1989 жылдан бері орташа өлшемді жеңіл көліктің санатына енді. Осы уақытқа дейін модельдің 10 буыны шықты. Соңғысының өндірісі 2018 жылы басталған. Биылғы қазан айында жапондық компания Accord-тың 11-ші буынының дизайнын көрсетті. Ал қарашаның аяғында жаңа өнімнің прототипін жұртшылықтың назарына таныстырды.
Жетілдірілген платформада құрылған аталмыш көліктің шанағы заманауи үлгідегі жаңа дизайнда жасалған. Интерьері Honda Civic-тің соңғы буынына сәйкес келеді. Оның ішінде 10,2 дюймдік сандық аспаптар тақтасы, Google-дың мультимедиялық онлайн қызметтері, Bose акустикасы және Honda Sensing деп аталатын жүргізушіге белсенді түрде көмек көрсету фирмалық кешені бар. Accord қондырғыларының құрамына вариатормен біріктірілген 195 ат күші бар 1,5 литрлік бензин турбо қозғалтқышы, сондай-ақ 2 литрлік атмосфералық бензин қозғалтқышы мен екі электрлі қозғалтқышына негізделген 207 ат күші бар гибридті қозғалтқыш кіреді.
Жаңа өнім АҚШ-та шығарылады, кейінірек басқа да нарықта қолжетімді болады. Сонымен қатар, Honda жаңа модельді өндіріске енгізу мерзімін өзгертті. Бастапқыда жаңа буынның алғашқы даналарын келесі жылдың басында шығару жоспарда болды. Ал енді жапондық өндіруші 2022 жылдың соңына дейін нарыққа шығармақшы. Айта кетейік, Honda бәсекелесі Toyota сияқты, құрамдастардың жетіспеушілігіне байланысты, биыл қазан айында Жапонияда өндірісін 40%-ға қысқартуға мәжбүр болды. Сондықтан жаңа Accord-ды АҚШ-та құрастырылуы қисынды.

Егор Васильев, корреспондент
22.11.2022, 14:31