Меню CARMA.KZ

Geely қымбат электрлі минивэн шығарды

Көлік өндірушісінің айтуынша, 009 деп аталатын модель «минивэндердің сыйымдылығы, жол талғамайтын көліктің қуаттылығы және спорттық автомобильдерге тән меңгеру» қамтылған.

Geely қымбат электрлі минивэн шығарды / Фото: Geely
Geely қымбат электрлі минивэн шығарды / Фото: Geely

Қытайдың жеңіл автомобильдер қауымдастығының статистикасы алғашқы үш тоқсанда елде 688 000 минивэн сатылған, бұл былтырғыдан 15,1%-ға аз екенін көрсетіп отыр.

China Daily жазып отырғандай, сарапшылардың пікірі бойынша, сауданың мардымсыз болуына клиенттер үшін көп таңдаудың жоқтығы себеп, өйткені қолжетімді модельдердің көпшілігі ең алдымен бизнеске пайдалануға арналған және көбіне седандар мен жол талғамайтын көліктерден көруге болатын озық технологиялар мен жайлылық функциялар жоқ.

Geely Zeekr көлігі болса, міне осы мәселелерді қарастырып отыр. Қосарлы электрқозғалтқышы бар толық жетекті модельдің қуаты 400 кВт. Ол 4,5 секундта сағатына 100 шақырымға дейін екпіндей алады. Бұл бензинді және электрлі минивэндер арасындағы ең жоғарғы көрсеткіш әрі CATL CTP 3.0 батареялары орнатылған әлемдегі алғашқы модель. Екі нұсқада шығарылған көліктің жүріс қоры әрқайсысында 700 шақырымды және 822 шақырымды құрайды. Алты кісілік автомобильдің ұзындығы 5 209 мм-ді, дөңгелек азасы 3 205 мм құрайды, нәтижесінде жүргізуші мен жолаушылар үшін 7,4 шаршы метрлік кеңістік бар.

Қытайдың салалық сарапшылары 009 секілді жаңа электрлі модельдер қытай автомобиль нарығының минивэндер сегментіне өзгеріс енгізіп, үлкен серпін береді деп санайды.

Вадим Григорьев

Вадим Григорьев, журналист
04.11.2022, 15:03