Меню CARMA.KZ

Geely еуропа нарығына шығады

Қытайлық компания мажар елінің импорттаушысымен дистрибьюторлық келісімшартқа отырды.

Geely еуропа нарығына шығады / Фото: prt scr youtube.com
Geely еуропа нарығына шығады / Фото: prt scr youtube.com

Geely Auto Group Еуропалық одақ елдерінің нарықтарына шығып жатыр. Қытайлық компания алғашқы қадамын Мажарстаннан бастап отыр. Мұнда Grand Automotive Central Europe импорттаушысымен келісімшартқа қол қойды, деп жазады Chinadaily.

Grand Automotive Central Europe Geely-дің Мажарстан, Чехия және Словакиядағы ресми дистрибьюторы болмақ. Нарыққа алдымен қымбат электромобиль сегментіне жататын Geometry C моделі шығарылады. Көліктер 2023 жылдың алғашқы жартысында жеткізілмекші.

«Geely бренді алғашқы рет еуропа нарығына шығып жатыр. Grand Automotive Central Europe-мен алдағы ынтымақтастығымыз — Geely Auto Group-тың жаһандық жоспарларды іске асыруға жасаған алғашқы қадамы», — деп мәлімдеді Geely Auto Group-тың бас директорының орынбасары Сюе Тао.

Ол сондай-ақ Geely автомобильдерінің сан түрлі моделі барын, олар да болашақта еуропа нарығында пайда болатынын атап өтті.

Ербол Мухамбаев

Ербол Мухамбаев, корреспондент
08.11.2022, 12:31