Францияда дизель отынын өсімдік майына алмастырмақшы
Елде пайданылған майды қызметтік көліктерге қолдануға рұқсат етілді.
Франция Парламенті автомобильге пайдаланылатын дизель отынын өсімдік майымен алмастыруға рұқсат берді, деп хабарлайды ТАСС.
«Жаңа халықтық экологиялық және әлеуметтік одақ» тамақ қуыруға пайдаланылған өсімдік майын дизель отынының орнына пайдалануды бастама етті. Бұл ұсыныс бірнеше рет қаралған болатын. Шілде айында Ұлттық жиналыс (Франция парламентінің төменгі палатасы) экологиялық одақтың бастамасын мақұлдады. Бірақ сенаторлар кейін бұл тақырыпты жауып тастады. Дей тұрғанмен, Франция үкіметі бұл ұсынысты қолдап, 22 қарашада оны бюджет жобасына кіргізді.
Нәтижесінде сенаторлар да жаңа бастамаға тек бір шартпен келісімдерін берді. Қабылданған шешім бұл бастаманың қолданылу аясын едәуір шектейді. Нақтырақ айтсақ, пайдаланған майды компанияларға немесе муниципалитеттерге тиесілі көліктерге ғана қолдануға болады. Оған қоса, олар тек бір жанармай құю бекетіндегі отынды пайдалануы тиіс. Болашақта аталмыш бағдарлама оң нәтижелерін беріп жатса, жеке көлік иелері де осыған көшуі мүмкін. Сарапшылардың пікірінше, өсімдік майы дизель отынын шынымен алмастыра алады. Бұл үшін пайдаланылған тамақ шикізатының тұтқырлығын төмендету қажет.
Әдеттегі жанатын отынға балама іздеген Франция ғана емес. Маусым айының басында YouTube желісіндегі «Гараж 54» арнасының авторлары, қоршаған ортаның ластануын аз да болсын азайту үшін тәжірибе жасап көрді. Олар «Жигулей» көлігіне жанармайдың орнына, Jack Daniels вискиін құйды. Бірақ тәжірибе сәтті бола қойған жоқ. Алдымен көліктің газ шығатын түтігінен қалың түтін көрінген, одан кейін мотор істен шыққан. Тиісінше улы заттардың ауаға аз бөлінуі туралы айту қиынға соғады. Тәжірибе жасаушылар ішімдіктің сақталу мерзімі «жарамсыз» болды деп ақталды. Сондықтан шешім қабылдау әлі ерте деп санайды.
Жанармайды тамаққа қосатын маймен алмастыру тәжірибелерін Қазақстанда да пайдаланатын уақыт келді. Монополияға қарсы мекеме қазақстандық жүргізушілерге сатылатын дизель отынын жасанды түрде шектегені үшін жанармай құю бекеттерінің ірі компанияларына ескерту жасауға мәжбүр болды.
Егор Васильев, корреспондент
23.11.2022, 15:10