Меню CARMA.KZ

Ford көлік төбесіне орнатылатын қауіпсіздік жастықтарына патент алды

Америкалық өндіруші осының алдында жаяу жүргіншілерге арналған қауіпсіздік жастығын патенттеген еді.

Ford көлік төбесіне орнатылатын қауіпсіздік жастықтарына патент алды / Фотосурет ашық дереккөзден алынды
Ford көлік төбесіне орнатылатын қауіпсіздік жастықтарына патент алды / Фотосурет ашық дереккөзден алынды

Ford  көліктің төбесіне орнатылатын қауіпсіздік жастықтарын патенттеді. Ол алдағы уақытта өзінің пилотсыз автомобильдерін осындай жастықтармен жабдықтамақшы, деп хабарлайды Motor.ru ресурсы.

Төбеге арналған қауіпсіздік жастықтары пилотсыз автомобильдерге пайдаланылатындығын  басылым патенттегі сызбасына қарап жазып отыр. Өйткені салондағы отырғыштар әдеттегідей орналастырылмаған: алдыңғы креслолар қозғалысқа қарсы орнатылған, яғни  бірінші қатардағы жүргізуші мен жолаушының отырғыштары екінші қатардағы жолаушыларға қарсы қаратылған.

Отырғыштар бұлай орналасқан жағдайда қауіпсіздік жастығын алдыңғы панельге орнату қисынсыз, сондықтан Ford эйрбегтерді төбесіне жіберген.  Әрбір қорғағыш элемент панель мен үрлемелі цилиндрлі камералардан тұрады, және ол айналып тұратындықтан, жолаушылардың қатты затқа ұрылуын ғана емес,  салондағы жолаушылардың бір-бірімен соғылысуына да жол бермейді.

Ford жуырда пилотсыз автомобильдер жасаумен айналысатын Argo бөлімшесін жабатынын хабарлаған болатын. Компания оның себебін шығындарды қысқарту деп атады.  Алайда автодрондарға арналған қауіпсіздік жастықтарын ол бәрібір патенттеді. Демек бұдан екі нәрсені ұғуға болады: Ford ұшқышсыз аппараттарды қайта шығара бастайды, немесе төбеге арналған эйрбегтерді бәсекелестеріне сататын болады.

Бұл өндіруші осыған дейін қауіпсіздік жастығының тағы бір түріне патент алған болатын. Биылғы қазанның басында Ford жолаушыларға  арналған қауіпсіздік жастығын шығаруға жеке құқығын тіркеді. Патентте айтылғандай,  іштегі қауіпсіздік жастығын автомобильдің алдыңғы жағына радиатор торы мен бампердің арасына орналастырмақшы.

Мұндай жастық ашылған кезде капотты, әйнек тазалағыштарды тұтастай жауып, нәтижесінде бетпе-бет соқтығысу кезінде зақым қатты болмайды. Америкалық көлік өндірушісі мұндай қауіпсіздік жастықтарымен кез келген көлік түрін жабдықтауға болады, ол жаяу жүргіншілердің жарақат алу қаупін 40%-ға дейін төмендетеді деп отыр.

Егор Васильев

Егор Васильев, корреспондент
22.11.2022, 16:02