Меню CARMA.KZ

BMW Қытайды басты нарықтардың бірі ретінде қарастырады

Қытай нарығына келгелі BMW осы елде 6 млн-нан артық автомобиль сатты.

BMW Қытайды басты нарықтардың бірі ретінде қарастырады / Фото: rb.ru
BMW Қытайды басты нарықтардың бірі ретінде қарастырады / Фото: rb.ru

BMW AG басқарма төрағасы Оливер Зипсенің айтуынша, Қытай неміс көлік брендінің негізгі нарықтарының бірі болып табылады. Аспанасты елінің нарығы әлемдегі ірі нарықтардың бірі және BMW үшін маңызы зор.

«Қарым-қатынастарды одан әрі дамытуға және Қытай мен Германия арасында ынтымақтастықты дамытуға үлкен әлеует барын көріп отырмыз. Осындай мүмкіндіктер әлі көп болады деп ойлаймын және қытай мен неміс іскерлік байланыстар елдеріміз арасында мықты көпір сала береді деп сенемін», — деп мәлімдеді Оливер Зипсе.

BMW қытай нарығына 1994 жылы келді. Сол уақыттан бері неміс компаниясы 6 млн-нан артық автомобиль сатқан. 2021 жылдың өзінде Қытайға 846 мың BMW және Mini автомобильдерін жеткізген. Шеньяндағы (Ляонин провинциясында) өндірістік база BMW-ның жалпы желісіндегі ең ірісі болып табылады.

Неміс компаниясының өкілдері 2021 жылы неміс-қытай бірлескен BMW Brilliance кәсіпорнының жалпы сатып алу көлемі 9,84 млрд долларды (4,5 трлн теңге) құрағанын айтты, деп жазады ChinaDaily.

Оливер Зипсе BMW бүгінде 50 жыл толатын неміс-қытай қатынастарына cеніммен қарайтынын атап өтті. Ол бұл атаулы оқиғаға BMW Group өз үлесін қосатындығына риза.

Ербол Мухамбаев

Ербол Мухамбаев, корреспондент
06.11.2022, 17:40