Меню CARMA.KZ

Беларусьта сутек және электр қозғалтқышты көліктер шығара бастауы мүмкін

Жақын арада сутегімен жұмыс істейтін автомобильдерді шығару жоспарланған.

Беларусьта сутек және электр қозғалтқышты көліктер шығара бастауы мүмкін / Фото: sputnik.by
Беларусьта сутек және электр қозғалтқышты көліктер шығара бастауы мүмкін / Фото: sputnik.by

Минск автомобиль зауытында (Беларусь) алдағы уақытта сутек және электр қозғалтқышты жүк көліктерін шығара бастауы мүмкін. Бас конструктор Андрей Савчицаның айтуынша, «пысықталған техникалық шешімдер» негізінде қысқа уақытта бүгінгі таңда тек дизель нұсқасы ғана бар модельдердің электрлі нұсқаларын шыға бастауға болады.

«Кәсіпорнымыз шығаратын техникалардың барлығы 5-ші экологиялық санатқа сәйкес келеді. МАЗ-дың электромобильдерді,  газмоторлы отынмен жүретін автомобильдерді жобалау тәжірибесі бар, сондықтан келесі кезекте сутекті автомобиль тұр», — деп атап өтті МАЗ-дың бас конструкторының орынбасары Николай Лакотко.

Қазір Минск автомобиль зауытында жүк көліктері, автобустары мен микроавтобустар, сондай-ақ түрлі арнайы техника (эвакуаторлар, автокрандар мен жүк көтергіштер) шығарылады.

Ербол Мухамбаев

Ербол Мухамбаев, корреспондент
01.11.2022, 15:12