АвтоВАЗ» Lada Largus-ты қайта шығаруға қажетті құрамдастарды тапты
Дегенмен бұл қосалқы бөлшектер тек 500 автомобиль шығаруға ғана жетеді.
«АвтоВАЗ» Lada Largus универсалдары мен фургондарын шығаруға қажетті құрамдастарды тапты, бірақ ол тек 500 бірлік автомобиль шығаруға жетеді. Өндіріс 2022 жылдың желтоқсанында басталмақ.
Бұл биылға Largus-тың шектеулі 2-ші партиясы болғалы тұр. Алғашқысы 21 шілде мен 4 тамыз аралығында шығарылған болатын, ол кезде 1,8 мың фургон мен универсал шығарылды, деп жазады IXBT.
Келесі партия 2023 жылдың наурыз айында дайын болмақшы. «АвтоВАЗ» дилерлік желіні жаңа Lada Vesta NG моделімен толтырған соң барып Largus-тың өндірісін қолға алғалы отыр.
Ербол Мухамбаев, корреспондент
04.11.2022, 11:34