Меню CARMA.KZ

Aston Martin санаулы мөлшерде байк шығарды

Қымбат спорт көліктерін шығаратын британдық өндіруші осымен екінші рет мотоцикл шығарып отыр.

Aston Martin санаулы мөлшерде байк шығарды / / Фото: newsmedia.com.ua
Aston Martin санаулы мөлшерде байк шығарды / / Фото: newsmedia.com.ua

Aston Martin мотоцикл шығаратын британдық Brough Superior өндірушісімен бірлесіп AMB 001 Pro трек супербайкын таныстырды, деп хабарлайды Motor.ru.

Британдық қос фирма 2019 жылы санаулы мөлшерде AMB 001 трек супербайкын шығарған болатын. Сол кезде шығарылған бір-біреуінің құны 108 мың еуро 100 дана қара түсті мотоциклдың басты ерекшеліктері жасалған материалында еді. Оның шассиі — алюминий мен титаннан, жақтаушалары — көміртекті пластиктен жасалған. AMB 001 турбиналы қысым көтергіші бар Brough Superior қозғалтқышымен жабдықталған, жұмыс көлемі — 997 текше сантиметр, қуаты — 180 ат күшіне жетеді.

Aston Martin-нің осынау супербайкты жасап шығаруы қисынды, өйткен ол соңғы бірнеше жылдан бері бизнестің жаңа бағытын іздеп жүрген болатын: британдық өндіруші сән-салтанаты келіскен AM37 катерін жасау үшін 2016 жылы нидерландтық кеме жасаушы Quintessence Yachts компаниясымен ынтымақтастық орнатып, ал 2017 жылы америкалық Triton Submarines фирмасымен бірлесіп терең суларға арналған Project Neptune аппаратының концептісін жасады.

Бірақ Aston Martin-дегілер онымен шектелмей, жылжымайтын нарыққа шығып, клиенттерге дизайнерлік гараж жобалауды ұсынды. Әйтсе де, байк жасау компания басшылығына әлдеқайда пайдалы бағыт болып көрінсе керек: Aston Martin алғашқы AMB 001 мотоциклының жалғасы, Brough Superior-мен бірлесіп жасаған — AMB 001 Pro-ны өмірге әкеліп отыр.

Жаңа модельдің тиражы алдыңғысынан аздау — бар-болғаны 88 дана ғана, бағасы әзірше белгісіз, ол 2023 жылдың төртінші тоқсанында жеткізе бастайды. Мотоцикл қолмен, Францияның Тулуза қаласындағы Brough Superior шеберханасында жиналады.

Aston Martin Limited — 1913 жылы құрылған, спорттық автомобиль шығарушы компания. Оның атауы компанияны құрушылардың бірі болып табылатын Лайонел Мартин 1913 жылы Singer-10 жарысында жеңіске жеткен Астон-Клинтон деп аталатын белеспен байланысты қойылған. Aston Martin-нің модельдерінің көбісі қолмен жиналған. Оның әрбір автомобилінде қола тақтайшаға жасаған және жауапкершілік жүктелген адамның аты-жөні жазулы тұрады.

Егор Васильев

Егор Васильев, корреспондент
09.11.2022, 15:31