АҚШ-та KIA EV6-ның құны 7 мың долларға өсіп кетті
Көлік өндірушісінің мәлімдеуінше, электромобильдің жүріс қоры молайтылған.
АҚШ-та KIA EV6 электромобильдері 7 мың долларға (3,2 млн теңгеге) қымбаттап кетті. Қазір бұл көлік 50 мың доллардай (22,8 млн теңге) тұрады, деп жазады The Verge.
Сарапшылардың айтуынша, бағасының күрт қымбаттауына көлік құрамдастарының тапшылығы, инфляция, логистикалық қиындықтар мен Батыста аталмыш электромобильге сұраныстың көптігі себеп болған.
KIA-дағылар болса, есесіне EV6-да жүріс қоры молайды деген уәж айтады. Бірақ қаншаға көбейгені белгісіз. Ол соншалықты көп болмауы да мүмкін.
АҚШ-та 2022 жылы KIA-дан басқалардың да автомобильдері қымбаттап кетті. Бұрын Ford F-150 Lightning-тың құны 40 мың доллардан (18,3 млн теңге) аспайтын болса, қазір 59 мың доллар (26,9 млн теңге) тұрады. Tesla электромобильдерінің орташа құны 5-6 долларға (2,28-2,7 млн теңге) өсті.
Ербол Мухамбаев, корреспондент
14.11.2022, 12:58