Меню CARMA.KZ

АҚШ-та гибрид Mitsubishi Outlander саудаға шықты

Mitsubishi Outlander PHEV-тің жаңа буыны Жапонияда сұраныс жоғары гибридке айналды.

АҚШ-та гибрид Mitsubishi Outlander саудаға шықты / Фото: «ММС Каз
АҚШ-та гибрид Mitsubishi Outlander саудаға шықты / Фото: «ММС Каз

АҚШ пен Канадада жаңа буын Mitsubishi Outlander PHEV-тің гибрид нұсқасы сатыла бастады. Автомобиль 2022 жылдың желтоқсанында Пуэрто-Рико нарығына шығады.

Mitsubishi Outlander PHEV-тің жаңа буыны 2021 жылдың соңында Жапонияда таныстырылған болатын. Модель осы елде 2022 жылдың сәуірі мен қыркүйегі аралығында ең көп сатылған гибрид болды. Жапонияда танымал Outlander-дің тек PHEV нұсқасы ғана сатылатынын айта кеткен жөн.

Mitsubishi 2021 жылы әлемге жаңа буын Outlander-дің бензинді нұсқасын таныстырған еді. Сол уақыттан бері бұл модельдің 100 мыңы сатылған, оның 70 мыңын солтүстікамерикалықтар сатып алған.

Mitsubishi Outlander PHEV моделінің алғашқы буыны 2013 жылы пайда болды. Бұл гибрид қосылысы бар әлемдегі алғашқы гибрид. 9 жыл ішінде оның жалпы саны 310 мыңы сатылған, соның 30 мыңы Солтүстік Америка елдерінің нарығында сатылыпты.

Қазақстан нарығында Mitsubishi Outlander PHEV моделі әзірге пайда болмайды деп мәлім етті «ММС Каз» баспасөз қызметі CARMA.KZ редакциясына. Бензинді нұсқасы да отандық нарықта жоқ.

Ербол Казистаев

Ербол Казистаев, корреспондент
02.11.2022, 12:16