Меню CARMA.KZ

Алматыдағы мультибрендті зауытта қандай автомобильдер шығарылады

Кәсіпорында қытайлық үш бренд — Haval, Chery және Changan автомобильдері құрастырылатыны белгілі болып отыр.

Алматыдағы мультибрендті зауытта қандай автомобильдер шығарылады / Фото: Ақорда
Алматыдағы мультибрендті зауытта қандай автомобильдер шығарылады / Фото: Ақорда

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыда мультибрендті автомобиль зауытының іргетасын қалау рәсіміне қатысты. Мемлекет басшысы жобаның төлқұжатымен танысып, ұсақтораптық құрастыру әдісімен автомобиль шығаратын болашақ кәсіпорынның макетін көрді.

Зауыт 2024 жылдың төртінші тоқсанында іске қосылады деп жоспарланған. Өндірістік орынжайлардың жалпы аумағы 100 мың шаршы метрден асады. Зауыт іске қосылған соң оның өндірістік қуаты жылына 90 мыңнан артық автомобиль шығаратын болады. Инвестицияның жалпы көлемі 100 млрд теңгеден асады. «Astana Motors» компаниясына тиесілі бұл кәсіпорнында 2 200 жұмыс орны құрылмақшы.

Кәсіпорында қытайлық 3 брендтің — Haval, Chery және Changan автомобильдері шығарылады. Олардың әрқайсысы үшін бөлек дәнекерлеу және құрастыру цехтары салынады.

«Бұл жоба елімізге өте қажет. Сондықтан тәуекел дейміз. Зауыттың жұмысына сәттілік тілеймін. Қытай Төрағасы Си Цзиньпин мырза биыл Қазақстанға келген кезінде келіссөз жүргіздік. Соның ішінде осы жоба туралы да әңгімелестік. Нәтижесінде, міне, бұл жоба іске асырыла бастады. Құтты болсын!» — деді президент.

Алматыдағы мультибрендті зауытта қандай автомобильдер шығарылады / Фото: Ақорда
Алматыдағы мультибрендті зауытта қандай автомобильдер шығарылады / Фото: Ақорда

«Китайские автомобили KZ» телеграм-арнасының деректері бойынша, кәсіпорында келесідей автомобильдер модельдері шығарылатын болады:

  • Chery Tiggo 2 PRO, Tiggo 4 PRO, Tiggo 7 PRO;
  • Haval Jolion, Н6, M6 Plus;
  • Changan CS35, CS55, CS75.

«Астана Моторс» өкілі Бекнұр Несіпбаевтың айтуынша, жаңа кәсіпорын іске қосылған соң алғашқы бетте Chery, Haval және Changan-ның тоғыз моделін шығарады. Әрі қарай модельдер өндірісі олардың әлемдік нарыққа шығуына қарай игерілетін болады.

Ербол Мухамбаев

Ербол Мухамбаев, корреспондент
16.11.2022, 15:18